Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» тақырыбындағы аймақтық уикенд өтті

«Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» тақырыбындағы аймақтық уикенд өтті

Бүгін Жұбанов университетінің қабырғасында «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасы аясында білім беру және ақпараттық шаралар сериясын тоғыстырған аймақтық уикенд («Regional Entrepreneurial Weekend») өтті.

Жұбанов университеті ERG компаниясының «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасының қатысушысы болып табылады. Бұл жоба бойынша  жастардың арасында кәсіпкерлікті дамыту мен оларды бейімдеу және  қызықтыруда көптеген шаралар өткізіледі. Сондай шаралардың бірі — бүгін өткізіліп жатқан Regional Entrepreneurial Weekend шарасы.

Шараны ашқан Жұбанов университетінің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Рахым Бекназаров оқу орнында «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасының аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға тоқтала кетіп, жобаға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аталмыш жиынның пленарлық сессиясында hard talk режимінде жастармен ашық диалогқа Жұбанов университетінің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Рахым Бекназаров, Ақтөбе облысы бойынша Кәсіпкерлік палатасының кәсіпкерлікті бейқаржылық қолдау бөлімінің бастығы Ержан Нұрғалиев, ERG компаниясының корпоративті коммуникациялар департаментінің директоры Фатима Қосаева, ALMAU университетінің кәсіпкерлікті дамыту және инновациялар орталығының директоры Ксения Южанинова, Ақтөбе политехникалық колледжі директорының орынбасары Асқар Аймұқатов түсті.  Айта кету керек ERG компаниясының «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасына Ақтөбе қаласынан тек екі оқу орны қатысуда. Олар Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ және Ақтөбе политехникалық колледжі.

Тартысты өткен уикенд түстен кейін шеберлік – кластарымен жалғасты. Шеберлік кластарын бизнесті прогрестеу және өндірістерді стандарттау бойынша эксперт Жанна Дүйсенова, E-learning content designer, EdGravity Раушан Абылкасымова, Microsoft Kazakhstan Microsoft Kazakhstan-ның Білім беру департаментінің басшысы Нурлан Жаныбековтер өткізді.

Ажаргүл Кунарова