Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > «American corner» үйлестірушілері қонаққа келді

«American corner» үйлестірушілері қонаққа келді

Бүгін 23 қазанда шетел тілдері факультетінде «American corner» Америкалық бұрыш үйлестірушілері қонақта болды.  Олар оларда тегін өткізілетін түрлі қызықты үйірмелер мен бағдарламалар жөнінде баяндап берді. Координатор Сузакова Зарина студенттерді толғандырған барлық сұрақтарға жауап беріп, америкалық бұрыштың негізгі бағдарламаларымен таныстырды. Кездесу соңында студенттер Spelling Bee байқауына қатысып, түрлі естелік сыйлықтарын иемденді. Сонымен қатар, 24 қарашада Spelling Bee  қалалық байқауы С.Бәйішев атындағы облыстық кітапханада өтеді, басты шарты – жеңіл анкета толтырып, байқауға қатысу.