Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Шетелдік тәжірибе — оқу процесінде

Шетелдік тәжірибе — оқу процесінде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

23 қазан 2018 84 рет оқылды

Айдын ӘБДЕНОВ,

тарих ғылымдарының кандидаты,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі:

— Елбасы қазандағы Жолдауында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қоғамда жаппай жүзеге асырылып отырғандығын айта келе, «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында мектеп туризімін дамытуға ерекше көңіл бөлу керектігіне ерекше назар аударды.

Осындай жұмыстардың бір тармағы ретінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті білім сапасын жоғарылату мақсатында шетелдік тәжірибелі ғалымдарды шақыру жұмыстарын жүйелі жүргізіп келеді. Соның бір айғағындай, Германияның «Senior Experten Servise» аға эксперті Герд Риттхаллер студенттерге дәріс оқуға және оқытушылармен тәжірибе алмасуға шақырылды.

Герд Риттхаллер — инженер-экономист, туризм және маркетинг саласында туристік жобаларға жетекшілік жасау, туристік бизнестің тұжырымдамаларын, қонақ үй желісі және туристік ұйымдардың бақылау кеңесінде нәтижелі еңбек атқарған. Дүниежүзі бойынша жұмыс тәжірибесі мол маман.

«Мектеп-Университет-Өндіріс» байланысын нығайту барысында екі жақты ынтымақтастық меморандумы аясында Новый орта мектебінің базасында ғалым Герд Риттхаллер қала мектептерінің ұстаздарына «Туризм саласындағы кадрларды дайындаудың негізгі факторы — туристік бизнес пен мектеп жағдайында туристік-өлкетану жұмыстарын дамыту» тақырыбында халықаралық дәрежедегі оқыту семинарын өткізді.

Ақтөбе өңірінің туристік әлеуеті қазіргі тұста жоғары бағалануда. Оны пайдалану үшін ең алдымен білікті мамандар қажеттігі белгілі. Оларды жан-жақты даярлауда өзге мемлекеттердің тәжірибелерін пайдалану тиімді. Осы бағытта университет қабырғасында бірнеше шаралар жүзеге асырылды. Сол қатардағы «Туризмді оқыту мен басқарудың әлемдік тәжірибесі» тақырыбындағы халықаралық семинарға қаладағы іргелі жоғары оқу орындарының оқытушылары, туристік агенттік өкілдері, қалалық жас туристер стансасы мамандары, туризм және география мамандығының студенттері қатысты. Студенттердің халықаралық туризмнің даму тәжірибесі бойынша алған мәліметтері болашақ маман ретінде өте құнды болды.

 

http://www.aktobegazeti.kz/?p=70211