Суббота, Апрель 10, 2021
Басты > Жаңалықтар > Түркия елінің профессоры филология факультетінде

Түркия елінің профессоры филология факультетінде

2018 жылдың қазан айының 15-нен 27-не дейін халықаралық академиялық ұтқырлық аясында филология факультетінде Кастамон Университетінің (Түркия) профессоры Орхан Сойлемез дәріс оқиды.

Профессор 6М020500-Филология, 6М012200-Орыс тілінде оқытпайтын  мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті магистрлеріне, 6D020500-Филология докторанттарына, сонымен қатар филология факультетінің бітіруші курс студенттеріне дәріс оқуда.

Профессор Орхан Сойлемездің ғылыми қызметінің негізгі бағыты – түрік әдеби ескерткіштерінің салыстырмалы талдауы, жалпы бағалы түркілік классикалық туындыларын талдау.

Полиглот-ғалым, түрлі тілдердің теориясы мен тарихының жетік білгірі көптеген түркі тілдерін еркін меңгерген. Дәрістерін қазақ және ағылшын тілдерінде оқиды. Профессордың қырғыз елінің «Манас» эпосына талдауы, ХХ ғасырдағы әлем әдебиетінің классигі Шыңғыс Айтматовтың туындыларына интертекстуалдық талдаулары студенттердің, магистрлер мен докторанттардың ерекше қызығушылықтарын тудырды.

Жалпы, ғалым қазақ әдебиеті үшін  ежелгі және ортағасыр әдебиетін зерттеуде белсенді жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өту керек. Ол тарихи-типологиялық салыстыру негізінде түрік әдебиеті мен қазақ әдебиетінің гуманистік және көркемдік-эстетикалық үндесетін қырларын көрсетуде.

Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің қазынасы құрайтын ежелгі және ортағасырлық түрік жазба ескерткіштерінің керемет білгірі ретінде профессор Орхан Сойлемез магистрлік және докторлық диссертация жазу мәселелері жөнінде магистрлер мен докторанттарға кеңес берді. «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері үшін дипломдық жоба жазуда ғалымның кеңестерінің бағалылығын атап өтуге болады.

Түркітану гуманитарлық ғылымдардың маңызды саласы ретінде қазіргі уақытта дамудың жаңа кезеңіне өтті. Және шетел ғалымының талдаулары біздің ата-бабаларымыздан, тарихымыздан мұраға қалған рухани құндылықтарымызды ұғынуымызда маңызды рөл атқарып отыр.

Ғалым Орхан Сойлемездің ғылыми қызметі мен шығармашылық жолы – шынайы елжандылықтың, достықтың және бауырластықтың, ғылымға шексіз берілгендіктің және үлкен еңбексүйгіштік пен қарапайымдылықтың үлгісі деп бағалауға болады.  Нағыз ғалым сөзсіз ұлттық және саяси шектен шығып, нәтижесінде оның еңбектері  барлық адамзатқа тиесілі болғандықтан оны еліктеудің жарқын үлгісі деп есептейміз.