Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Хабарландыру

Хабарландыру

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде 2018-2019 оқу жылына арналған Түркия Республикасы «Мәулана» алмасу бағдарламасының гранттық конкурсына қатысушыларына арнайы түрік тілі курсы басталды.  Курсқа барлық гранттық конкурсқа үміткер оқытушылар мен студенттер қатыса алады. Түрік тілі курсын тіл иесі-түрік мамандар жүргізеді.

Түрік тілін жеделдетіп оқыту арқылы студенттерге В1 — деңгейлік сертификаты беріледі. Әрбір студент түрік тілін жетік меңгеріп, өз мамандығына байланысты  Түркияның ЖОО-да одан әрі қарай дамыта алады.

Түрік тілін үйрену Түркия ЖОО мен байланысқан академиялық ұтқырлық бағдарламалары, қос диплом бағдарламасы бойынша білім алу мүмкіндіктеріне үлкен септігін тигізеді.

 

Барлық қажетті сұрақтар бойынша хабарласу үшін байланыс: Халықаралық ынтымақтастық орталығының халықаралық бағдарламалар бөлімінің жауапты маманы: Г. Қуанышова, Email: banu.arsu@mail.r ,тел:8/7014381948