Вторник, Август 11, 2020
Басты > Жастар саясаты > Астаналық белсенді жастар Жұбанов университетімен танысты

Астаналық белсенді жастар Жұбанов университетімен танысты

Бүгін Жұбанов университетіне Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің бір топ белсенді студенттерінен құралған делегация келді. «Менің елім» тарихи – өлкетанымдық жобасы аясында Батыс Қазақстан өңірімен танысу үшін арнайы сапармен келген астаналық жастар алғашқылардың бірі ретінде Жұбанов университетіне бас сұқты.

Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті қонақтарға Ақтөбе қаласы мен қала маңындағы тарихи орындарға экскурсия ұйымдастырып, түстен кейін оларды университеттің тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Одан соң қос университеттің белсенді студенттерінің бейресми кездесуі өтті.  Дөңгелек үстел форматында өткен жиында студенттер бір — бірімен пікір алмасып, Елбасының «Болшаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өз оқу орындарындағы өткізіліп жатқан іс-шаралар жайлы әңгімелесті.

Үш сағатқа созылған кездесу соңы «Жастар үйінде» тұратын өнерлі студенттердің концертіне жалғасты.

Айта кетейік, «Менің елім» тарихи-өлкентанымдық жобасына қатысушылар «Еділ-Жайық» бағытымен әрі қарай Орал, Атырау, Ақтау қалаларына бет алады.