Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

«Қазақстан раушандары» атты халықаралық хореографиялық фестиваль-байқауында ҚР еңбек сіңірген қызметкері Гүлнар Мамбетованың «Гүлнар» ансамблі «Жоғары орындаушылық шеберлігі» үшін дипломымен марапатталды. Ансамбль құрамында Жұбанов университетінің «Хореография» мамандығының 1-2 курс студенттері Жұлдыз Бақтыбаева мен Аружан Рамазанова өнер көрсетті. Халықаралық хореографиялық фестиваль-байқауы Ақтөбе қаласында өтті.