Четверг, Июнь 13, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Мені шыңдаған Серпін» республикалық кәсіби- шеберлік байқауында Жұбанов университетінің студенттері жеңімпаз атанды

«Мені шыңдаған Серпін» республикалық кәсіби- шеберлік байқауында Жұбанов университетінің студенттері жеңімпаз атанды

2018 жылдың 30-31 қазан аралығында Павлодар қаласында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» — «Серпін» әлеуметтік жобасы студент жастарының арасында Республикалық «Мені шыңдаған Серпін» кәсіби- шеберлік байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – жұмысшы мамандықтарды жастар арасында дәріптеу, кәсіптік даярлық пен құзыреттіліктерін арттыру, серпінші-студенттер арасында өз мамандығының үздігін анықтау. Республикалық кәсіби-шеберлік байқауы жоғары оқу орындары үшін 5 мамандық бойынша өткізілді.

Аталған байқауға Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің физика-математика факультетінде «Мәңгілік ел жастары индустрияға» — «Серпін» бағдарламасы бойынша «5В070300-Ақпараттық жүйелер» мамандығының 3-курс студенттері Жаңабаева А.П., Хожаахмет А.С. қатысты (жетекшілері — ф.-м.ғ.к.,«Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының доценті, Жахина Р.У., т.ғ. магистрі, оқытушы Жайлыбаева А.О.). 3ИСКО тобының студенттері Жаңабаева А.П., Хожаахмет А.С., өздерінің білім алып жатқан мамандығы бойынша «Мобильді қосымшаларды құру» атты тақырыпта арнайы жобасын әзірлеп барды. Айта кететін жайт, аталмыш байқауда 19 команда өз жобаларын қорғап, жүлделі орынға бақ таластырды. Байқау нәтижелері бойынша өзінің ұшқыр ойымен, тапқырлығы және жаңашылдығымен қатарластарын басып озып, байқау қорытындысында техникалық мамандықтарды игеріп жатқан студенттер арасында «Мені шыңдаған Серпін» Республикалық кәсіби-шеберлік байқауының ІІІ-орын жүлдері, «Серпіндік тобының» студенті  Хожаахмет А.С. атанды.

Лаззат КАПАРОВА ,

«Информатика және ақпараттық технологиялар»

кафедрасының аға оқытушысы