Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жастар саясаты > «Нұр Отан» партиясының марапатына ие болған жастар арасында Жұбанов университетінің екі студенті бар

«Нұр Отан» партиясының марапатына ие болған жастар арасында Жұбанов университетінің екі студенті бар

Кеше, 1 қараша күні өткен «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының XXV есеп беру-сайлау конференциясында техникалық факультеттің 4 курс студенті Баянбаев Қуаныш пен экономика және құқық факультетінің 2 курс студенті Тыныштық Алишер өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып, партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға ат салысып жүргендері үшін «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Екі жас та партия мүшесі, ал Тыныштық Алишер  сонымен қатар университеттің «Жас Отан» ЖҚ төрағасы.