Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Физика» кафедрасы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жолдауын талқылады

«Физика» кафедрасы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жолдауын талқылады

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа кезекті Жолдауы жаңа белестерді межелеп берді. Жер-жерлерде жаңа Жолдауды талқылап, жұртшылыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

2018 жылдың 24 қазан күні физика-математика факультетінің «Физика» кафедрасының ұйымдастыруымен студенттердің арасында 2018 жылдың 5 қазан күні жарыққа шыққан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауын талқылады. «Физика» кафедрасының доценті Н.Жантурина  Жолдауда көрсетілген басты мәселелерге тоқталып, өз ойымен бөлісті.

Кафедра доценті С.Т. Жубаев: «Жолдауда Елбасы Қазақстан халқының табысының өсуіне, тұрмыс жағдайының жақсаруына баса назар аударғанын атай келе, бұл әлеуметтік мәселелердің бүгінгі таңда кезек күттірмейтін жағдайлар екенін айтты.  

«Білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек деп ерекше мән берген тұстары көрегендікпен дер кезінде көтеріп отырған мәселе екенін, келесі жылдан бастап «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санайтындығы еліміздегі білім мекемелері мен ұстаз қауымының мәртебесінің арттыруына өзіндік үлесін қосатындығына сенім білдіремін», —  деді өз кезегінде кафедра меңгерушісі доцент Ш.Ж.Сагимбаева.

Профессор-оқытушылар қауымы Жолдаудың орындалуы және алдағы атқарылатын бастамаларының көшбасшысы ретінде өздерін іспен көрсете алатындықтарын алға тартты.

Еліміздің саяси өміріне үлкен серпіліс әкелген Жолдау халықтың көңіліне үлкен сенім ұялатқаны сөзсіз. Сенімге селкеу түсірмей, әлеуметтің әлеуетін арттыру жолындағы жұмыс жүйелі атқарылса, халықтың тұрмысы жақсаратыны айқын. Өміршең бағдарлама арқылы өмірлік қағидалар мен қадамдарды бағамдаған Елбасы Жолдауы қашанда қолдауға ие.

 

Ляззат КАПАРОВА