Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жастар саясаты > «Жерлестер жаңғырығы» атты жыр сайысында Жұбанов университетінің студенттері өнер көрсетті

«Жерлестер жаңғырығы» атты жыр сайысында Жұбанов университетінің студенттері өнер көрсетті

Жыр мүшәйрасы  Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында «Геолог» мәдениет үйінде ұйымдастырылды.

Ақтөбе облысынан шығып, көпшілікке танымал болған, қазіргі таңда арамызда жоқ, жерлес ақындарымызды ұлықтау мақсатында студенттер арасында өткен қалалық «Жерлестер жаңғырығы» поэзия байқауына Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің Филология факультетінің студенттері Байнақ Айбану, Шетей Камилия, Əлмұқан Маржан, Ерланқызы Айжан, Жақсымбет Нұржауған қатысып, Алғыс хаттармен марапатталды. Байнақ Айбану Бас жүлдеге ие болса, Ақшолақова Аяжан 3-ші орынды қанжығасына байлады.