Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Спортшыларымыздың жүлдесі

Спортшыларымыздың жүлдесі

2017 жылдың 1-5 тамыз аралығында Хромтау қаласында Президенттік көпсайыстан өткен ҚР Кубогында университетіміздің кәсіби-шығармашылық факультеті дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары Айбек Габдуллин мен Шыңғыс Төлеуов жүлдемен оралды. Айбек Габдуллин 35-39 жас аралығындағы қарсыластарынан басымдық танытып, бірінші орынды иеленсе, Шыңғыс Төлеуов 40-49 жас аралығындағы қарсыластарынан үшінші орынды жеңіп алды. Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!