Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттерге сабақ  кафедра филиалында өткізілді

Студенттерге сабақ  кафедра филиалында өткізілді

Дуалды оқыту бүгінгі күні мамандарды даярлаудағы ең перспективті бағыт болып саналады.

Осы мақсатта № 51 орта мектеп-гимназиясындағы «Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасының филиалы базасында «Орыс тілін оқыту әдістемесі» пәні бойынша сабақ өткізілді.

Сабақты жүргізген әдіскер, п.ғ. к., доцент Исламгалиева В. Ж. әсіресе инновациялық технологиялар элементтерін қолдану арқылы жеке грамматикалық тақырыптарды зерделеуге тоқталды, сонымен қатар қатысып отырған 5В012200 — «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттеріне  үй тапсырмасын көрсетіп, олардың мұғалім ретінде әрекет етулеріне  мүмкіндік берді.

Бұл сабаққа қатысқан ди⁠ректордың орынбасарлары, мектептің әдістемелік бірлестіктерінің басшылары  оқу үдерісіне теория мен тәжірибені ұштастыратынын және түлектердің жоғары біліктілігіне кепілдік беретін дуалды білім беруді енгізудің орындылығын айтып өтті.

Айгерім ЖАНАЛЫҚЫЗЫ