Суббота, Май 21, 2022
Басты > Ел жаңалықтары > Хабарландыру: «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы Ақтөбеде

Хабарландыру: «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы Ақтөбеде

Қор көрмесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасының көшпелі көрме жобасының басты оқиғасы болып табылады. Жоба аясында ауқымды ғылыми-білім беру және мәдени-ағарту шаралары, Ақтөбе облысы бойынша көшпелі экскурсиялар ұйымдастырылады. Елбасы кітапханасының қызметі тәжірибесінде «Жәдігерлер сөйлейді» топтамасынан көшпелі дәрістер, музей сабақтары, көшпелі экскурсиялар сынды мәдени-ағартушылық қызметтің ерекше түрлері белсенді қолданылып келеді. Олар жәдігерлердің мазмұнын баяндап қана қоймай, сондай-ақ тарихи артефактілердің тікелей көруге мүмкіндік береді.

Аталмыш жоба аясындағы шаралар бағдарламасы:

14 қараша 2018 жыл, сағат 11.00 —  Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының міндетін атқарушы Махмұд Қасымбеков Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорлық құрамы және білім алушы жастарымен кездеседі.

М.Б. Қасымбековтың университетке сапары барысында Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің басты ғимаратындағы кітапханада «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» оқу залының ашылу салтанаты  өтеді.

14 қараша 2018 жыл, сағат 12.00 — Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

Көрменің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының міндетін атқарушы Махмұд Қасымбеков және Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысады. Көрменің ашылуы қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығыМ.Б. ҚасымбековтіңҚ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорлық құрамы және студент жастарымен кездесуі жоспарланған.

14 қараша күні 2018 жыл, сағат 15.30 — С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада кітапхана, мұрағат, музей салаларының мамандары және мемлекеттік қызметшілер үшін «Елбасы кітапханасының ақпараттық ресурстары» атты өңірлік кәсіби сессия өтеді.

14 қараша 2018  жыл, сағат  19.00 —  Өнер орталығында «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасының басталуына орай облыс жұртшылығы үшін ҚР Мемлекеттік Күзет қызметі Президенттік оркестрініңмерекелік концерті өтеді.

15 қараша 2018 жыл, сағат  10.00  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде өңірдің сараптау-талдамалық қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен «Нұрсұлтан Назарбаев – мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделінің негізін қалаушы» атты дөңгелек үстел өтеді.

15 қараша 2018 жыл, сағат 15.00  Қобда ауданының тұрғындарыүшін «Тұңғыш» экскурсиялық тұжырымдамасы шеңберінде «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жобасы бойынша көшпелі экскурсия өтеді.

16 қараша 2018 жыл, сағат  9.30 — Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде әлемдік деңгейдегі саясаткер Н.Ә.Назарбаевтың жоғары беделінің нәтижесі болып табылатын Қазақстанның сыртқы саясат стратегиясына арналған Елбасының Жеке кітапханасының жинақтарынан тұратын «Әлем таныған Елбасы» атты суреттелген кітап көрмесінің ашылуы өтеді.

 16 қараша 2018 жылсағат 10.00 —  сарапшылар қауымдастықтың,  оқытушы-профессорлық құрамның, жақын және алыс шетел ғалымдарының, өңірдің белсенді жастарының қатысуымен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиясы – өңірлік дамудың драйвері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.

16 қараша 2018 жыл, сағат 15.00 – Алға ауданының тұрғындарыүшін «Тұңғыш» экскурсиялық тұжырымдамасы шеңберінде «Тарихи таңдау»ғылыми-экспозициялық жобасы бойынша көшпелі экскурсия өтеді.

17 қараша  2018 жыл, сағат  10.00 —  Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагогтары мен оқушыларына арналған «Елбасы Н. Ә. Назарбаев: өмірбаяны мен жасампаз идеялары» / «Елбасы Н.А. Назарбаев: биография и созидательные идеи» атты семинар-тренинг өтеді.

17 қараша 2018 жыл, сағат 11.00  Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде облыстағы музейлік мекемелер қызметкерлері үшін «Музей саласындағы ақпараттандыру: «Музей» АЖ үшін есеп пен сақтаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша тәжірибе алмасу аттығылыми-тәжірибелік семинар өтеді.

17 қараша 2018 жыл, сағат 12.00 — М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының бірінші орынбасары, саяси ғылымдарның докторы, профессор  Әмірхан Рахымжановтың « «Рухани жаңғыру» стратегиялық мәнмәтініндегі Елбасы кітапханасының қызметі»тақырыбында дәрісі өтеді.

Көрменің барлық күндерінде Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары шолу және тақырыптық экскурсияларды, қор көрмесін тамашалап қана қоймай, сондай-ақ Елбасы кітапханасы қызметінің бағыттарымен танысу мүмкіндігіне ие болады.

 «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрмесі Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2019 жылғы қаңтар айының соңына дейін жалғасады.