Четверг, Март 28, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Студенттер театр әртістерімен кездесті

Студенттер театр әртістерімен кездесті

 

Бүгін қоғам мен жастар арасында театр өнері ұлықталды. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде студенттер Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының орыс труппасындағы актерлармен кездесті. Шара «Мен театрды таңдаймын» 1-ші облыстық жобасы аясында ұйымдастырылды. Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының көркемдік жетекшісі Данияр Базарқұлов жастарға алдымен «театрдың» не екенін, оны қалай сүюге болатынын түсіндірді. Бүгінде театрға қызығушылық танытып, оған бас сұғатындар аз екені жасырын емес. Бұл олқылықтың орнын толтырып және жастардың мәдениет ошағына деген сүйіспеншілігін арттыру үшін театр қызметкерлері де қарап отырған жоқ. Қазір Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Жастар театры» бар. Ондағы 30-ға жуық студент сахна өнерін барынша насихаттап жүр. Университеттен шықпай-ақ қойылымдарды тамашалауға болады. Театрдың көрермендерін қалыптастыруға Жұбанов университеті де үлес қосып келеді. Бұған Жастар театры дәлел. Жуырда Т.Ахтанов атындағы конференц-зал ашылды. Студенттер бірінші болып театрдың қазақ труппасының актерларымен кездескен. Болашақта осындай рухани кездесулер жиі ұйымдастырылып тұрмақ.

http://www.rikatv.kz/kz/news/studentter-teatr-rt-ster-men-kezdest.html