Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Жұбанов университетінің ғылыми кітапханасында Тұңғыш Президент атындағы электронды оқырман залы ашылды

Жұбанов университетінің ғылыми кітапханасында Тұңғыш Президент атындағы электронды оқырман залы ашылды

Бүгіннен бастап Жұбанов университетінің ғылыми кітапханасында Тұңғыш Президент атындағы электронды оқырман залы өз жұмысын бастады. Оқу орны тарихындағы бұл маңызды шара өңірімізде бүгін бастау алған Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы аясына орайластырылды. Көрме ресми түрде бүгін облыстық тарихи-өлкетану музейінде ашылған болатын. Айтулы шараның алдында аймаққа арнайы келген ҚР Президенті кеңсесінің бастығы – «ҚР Тұңғыш  Президенті — Елбасы кітапханасы» ММ директоры міндетін атқарушы Махмұд Қасымбеков Жұбанов университетінің оқытушы-профессорлық құрамы және білім алушыларымен кездесу өткізді. Кездесуге облыс әкімі Бердібек Сапарбаев және университет ректоры Бауыржан Ердембеков қатысты.Шарада Б.Ердембеков мәртебелі қонақтарға ризашылығын білдіріп, университеттің оқу-тәрбие жұмыстары мен әлеуметтік мәселелерінің шешілуі жайында қысқаша таныстырып өтті.

Кездесу барысында Махмұд Қасымбеков Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ ғылыми кітапханасына Елбасы кітапханасының 350-ден астам кітабын сыйға тартты. Олардың ішінде Н.Ә.Назарбаевтың еңбектері, ҚР Тұңғыш  Президентінің 1990-2016  жылдар арасындағы қызметінің хроникалары, мемлекет басшысының ресми өмірбаяны, қазақстандық және шетелдік авторлардың Елбасы туралы кітаптары, қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени тақырыптардағы өзекті әдебиеттер бар.

«Жоба 2017 жылы қараша айында Алматыдан бастау алды, кейін өз жұмысын осы жылдың ақпан айында Шымкентте жалғастырып, қыркүйек айында Атырауда өткен болатын. Осы уақытқа дейін көрмемен 350 мыңнан астам адам танысты. Біз экспозицияларды толықтырып, Ақтөбеге келдік, мұнда мен 85 жылдық тарихы бар, еліміздегі беделді университетке соқпай кете алмадым. Мұнда студенттердің сапалы білім мен жақсы тәрбие алулары үшін барлық жағдай жасалғанын көріп тұрмын», -деді кездесу барысында Махмұд Қасымбеков. Одан соң ҚР мемлекет және қоғам қайраткері, саясттанушы, профессор Махмұд Базарқұлұлы Қасымбеков кездесуге қатысқан жастардың сұрақтарына жауап берді.

Көрме жобасының мақсаты — тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуын, саяси мәдениетінің тарихи эволюциясын және осы үдерістердегі Елбасының теңдессіз рөлін сипаттайтын деректерді ұсыну көпшілік назарына ұсыну.

Жобаның негізі Елбасы кітапханасынан жиналған қор көрмесі болып табылады. Елбасы кітапханасының қызметі тәжірибесінде «Жәдігерлер сөйлейді» топтамасынан көшпелі дәрістер, музей сабақтары, көшпелі экскурсиялар сынды мәдени-ағартушылық қызметтің ерекше түрлері белсенді қолданылып келеді. Олар жәдігерлердің мазмұнын баяндап қана қоймай, сондай-ақ тарихи артефактілердің тікелей көруге мүмкіндік береді.

Көрме жұмысының барлық күндерінде Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін шолу және тақырыптық экскурсиялар өткізіліп,  осылайша олар қор  көрмесін тамашалап қана қоймай, сондай-ақ Елбасы кітапханасы қызметінің бағыттарымен де таныса алады.

Көрме 2019 жылғы қаңтар айының соңына дейін жалғасады.

 

Ажаргүл КУНАРОВА

Жұбанов университетінің баспасөз қызметі

https://bilimdinews.kz/?p=18535