Четверг, Март 28, 2024
Басты > 2018 > Ноябрь (Страница 15)

Студенттік өзін-өзі басқарудың онкүндігі басталды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Кәсіби-шығармашылық факультетінде бүгіннен бастап студенттік өзін-өзі басқарудың онкүндігі басталды. Онкүндік барысында студенттік деканат факультеттегі оқу және тәрбие процестеріне  толық басшылық жасайды.  «Студенттік өзін-өзі басқарудың мәні зор. Әзірге 10 күн белгіледік, әрі қарай келесіде екі апта беріп, осылайша мерзімін созып отыратын боламыз. Белсенді студенттеріміз мойындарына жүктелген жауапкершілікті

Көбірек

«Аман-мұнай» ЖШС-мен ынтамақтастық меморандумына қол қойылды

Мемлекет басшысы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» халыққа Жолдауында келе жатқан 2019 жылды жастар жылы деп белгіледі. Осыған орай Жұбанов университетінің студенттері «Аман-мұнай» ЖШС өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында аталмыш компания арасында ынтымақтастық турасындағы меморандумға қол қойылды. Айта кетейік, «Аман-мұнай» ЖШС-і Жұбанов университетінің студенттеріне 58 білім грантын бөліп

Көбірек

Құттықтаймыз!  

«Педагогика, психология және бастауыш оқыту» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Салима Сейтенованың жетекшілігімен педагогикалық ғылымдар бойынша студенттердің ең үздік ғылыми жұмысына арналған республикалық байқауында III орын алғаны үшін 2-курс студенттері Альбина Жанғожина және Нұргүл Мушалова «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша марапатталды.

Көбірек

Академиялық ұтқырлық аясындағы дәрістер

Педагогика ғылымдарының кандидаты, орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының доценті Исламгалиева Виктория Жанабаевна академиялық ұтқырлық бағдарламасының ЖОО арасындағы ынтымақтастық аясында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде болып қайтты. 2018 жылдың 21 қазанынан 3 қарашасына дейін оқытушы 5В011800 - «Орыс тілі мен әдебиеті», 5В012200- «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарының

Көбірек

Математика — бар ғылымның негізі

Дифференциалдық теңдеулер, функционалдық талдау, алгебра, геометрия, компьютерлік математика. Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік университетте 8-ші халықаралық ғылыми конференция өтіп жатыр. Шараға жер-жерден математик-ғалымдар жиналды. Қолданбалы математика мен информатика мәселелері бойынша тәжірибе алмасу, осы саладағы отандық және шетелдік ғалымдардың жетістіктерін талқылау ғылыми шараның басты мақсаттарының бірі болды. Айта кету керек, конференция аясында

Көбірек

Жұбанов университетінде «Мен театрды таңдаймын» І облыстық жобасы басталды

Жұбанов университеті Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драматеатры фан клубымен бірге «Мен театрды таңдаймын» І-ші облыстық жобасы аясында кездесу ұйымдастырылды. Аталмыш шараның мақсаты – қоғам мен жастар арасында театр өнерін ұлықтау. Студенттермен кездесуге театрдың көркемдік жетекшісі Данияр Базаркулов келді. Айта кетейік, Данияр Жоламанұлы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының

Көбірек

«Елім менің» бағдарламасында — Өтежан Нұрғалиевтің 80 жылдығы

"Ақтөбе" телеарнасындағы "Елім менің" ақпараттық - әлеуметтік бағдарламасының осы жексенбідегі шығарылымы Жұбанов университетінде өткізілген Өтежан Нұрғалиевтің 80 жылдық мерейлі тойына арналды. Жүргізуші-журналист Гүлия Айтуғанова http://aktobetv.kz/kz/archive/programs/programs_poz/elim_menin/842221

Көбірек

«Жерлестер жаңғырығы» атты жыр сайысында Жұбанов университетінің студенттері өнер көрсетті

Жыр мүшәйрасы  Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласын жүзеге асыру аясында "Геолог" мәдениет үйінде ұйымдастырылды. Ақтөбе облысынан шығып, көпшілікке танымал болған, қазіргі таңда арамызда жоқ, жерлес ақындарымызды ұлықтау мақсатында студенттер арасында өткен қалалық "Жерлестер жаңғырығы" поэзия байқауына Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің Филология факультетінің студенттері Байнақ Айбану, Шетей Камилия, Əлмұқан Маржан, Ерланқызы Айжан, Жақсымбет Нұржауған қатысып, Алғыс хаттармен

Көбірек