Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Ғылым мен инновациялар (Страница 16)

Студент спортының заманауи проблемалары талқыланды

Ақтөбедегі жастар сарайында «Студенттік спортты ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етудің заманауи проблемалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Пленарлық отырыста конференцияның мақсаттары мен міндеттері талқыланды. Басқосудың мақсаты – студенттердің спортын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша ғылыми зерттеулер саласында тәжірибе алмасу және бірлескен бағыттарды іздеу. Жиынға ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Садық Мұстафаев,

Көбірек

Студенттер үздіктер қатарында

Жұбанов университетінің  шетел тілдері факультетінің студенттері «ҚХА және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының  аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Мукарама Габдсаттарованың  жетекшілігімен  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен VI Халықаралық Фараби оқулары аясында «IDEA» студенттердің ғылыми Клубы ұйымдастырған «Ұлы Даланың жеті қыры: философиялық талдау» атты республикалық философиялық эссе байқауына қатысты. Байқауға Алматы, Семей, Ақтөбе, Атырау, Шымкент қалаларының ЖОО

Көбірек

Ғалымдар дәріс оқуда

2019 жылдың сәуір  айының 8-22 аралығында Жұбанов университетінің физика-математика факультетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг университетінің оқытушылары п.ғ.к, доцент Гулаш Рахметқызы Кощанова мен ф.-м.ғ.к. Лидия Оңғарбайқызы  Таймұратова   сабақ өткізуде. Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг университетінің доценті Гулаш Рахметқызы «Математика» мамандығының магистранттары мен студенттеріне

Көбірек

Ғалымдар тағылымына арналады

Жұбанов университетінің филология факультетінің ұйымдастыруымен филология ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрбол Садуақас пен филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Күлшат Қондыбайдың  60 жасқа толу мерейтойына орай  «Жаңартылған білім бағдарламасы: қазақ тілі және оны оқыту мәселелері» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция басталды. Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция білім берудің жаңа жүйесі ретінде жаңартылған білім беру бағдарламасының басты ерекшеліктерін зерделеп, оны оқу

Көбірек

Ғылым — болашақтың кепілі

Апталық Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде студенттердің ғылым апталығы басталды. Білім ордасының бас ғимаратында өткен апталықтың ашылуына университет ректоры Бауыржан Ердембеков қатысып, ғылым жолында жүрген жастарға сәттілік тіледі. Биыл апталық аясында білім мен ғылым жолында жүрген студент-жастарды қолдау, өзге студенттердің ғылымға деген қызығушылығын арттыру мақсатында 182 шара өткізілетін болады. Апталықтың алғашқы күні

Көбірек

Студенттер олимпиададан олжалы қайтты

Жақын күндері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасында XI Республикалық пәндік олимпиада өтті. Республикалық пәндік олимпиада «5В060400 - Физика», «5В060500 – Ядорлық физика», «5В061100 – Физика және Астрономия», «5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», «5В071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандықтары бойынша ұйымдастырылды. Қазақстанның барлық

Көбірек

Назар аударыңыз!

«Ғылым туралы» ҚР Заңының 23-бабына сәйкес «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті» ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелері. Куәлік Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметц конкурсына қатысу үшін беріледі.    

Көбірек

Белгілі ғалымға арналған халықаралық конференция

Жұбанов университетінде профессор Қағазбаева Әспет Кеңесбекқызының 70 жасқа толуына арналған «Математикалық білім: жағдайы, мәселелері, болашағы» халықаралық конференциясы өтті. Кон­ференция барысында пленар­лық мәжілісте конферен­цияның ғылыми бағыттары бойынша 5 баяндама, 4 секцияда 100-ге жуық теориялық, тәжіри­белік және қолданбалы сипаттағы ғылыми баяндамалар жасалды. Саналы ғұмырын әлемдік ғылымның ажырамас бөлігіне арнаған Әспет Кеңесбекқызы Қазақстанның білім-ғылым саласына

Көбірек