Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Ғылым мен инновациялар (Страница 17)

Ақтөбелік ғалымдар диатомитті өндірісте қолданудың бірнеше жобасын ұсынып отыр

Ақтөбелік ғалымдар табиғи минерал - диатомитті өндірісте қолданудың бірнеше жобасын ұсынып отыр. Басқа өңірде кездеспейтін бұл «тау жынысын» мал шаруашылығында сүт өнімін арттыруға және адам өмірін ұзартуға септігін тигізетін препарат ретінде де қолдануға болады екен. Сондай-ақ, құрылыс саласында да таптырмас шикізат. Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ғалымдары ұсынып

Көбірек

Тарих факультетіндегі ғылыми семинар

Жұбанов университетінің тарих факультетінде профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми жұмысын белсендендіру мәселелеріне арналған дәстүрлі ғылыми семинар өтті. Семинар  барысында баянадама жасаған «Отан тарихы және тарихи пәндер» кафедрасының доценті Александр Перевезенцев ПОҚ құрамының белсендендіру жұмыстарының негізгі үш бағытын атап көрсетті. Олар: «Junior Faculty Development Program», «Fulbright Research Program», «The Edmund S. Muskie Internship Program»

Көбірек

Әсет мұрасы: аңыз бен ақиқат

Әсет ақын – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі ғана емес, Абайдың ақын шәкірті ретінде де басқа ақындардан дараланады. Көп ақынның маңдайына сыя бермейтін бақыт – Абайдың алдын көріп, тағылымын ұғу болса, Әсетке сол мәртебе молынан бұйырды. Арқалы ақын, әйгілі әнші Әсеттің тағдыры, әсіресе өмірінің соңғы тұсы тәлкекке көп түсіп, ақынға ауыр азабын

Көбірек

Ғылыми жоба авторлары марапатталды

Жұбанов университетінің жаратылыстану факультетінің деканы Мұрат Махамбетовтың бастамасымен 2-4 курс студенттері арасында «Сенім-тірек» қоғамдық бірлестігі мен Экология кафедрасының бірлесе ұйымдастырған «Практикалық экологиялық білім беру мен өнеркәсіптік ағынды суды тазарту әдістері» тақырыбында ғылыми жобалар байқауы өтті. Шараның негізгі мақсаты - су ресурстарын үнемді, ағынды суларды тазартуда тиімді технологияларды қолдану мен кәсіпорындарда тазалау

Көбірек

Мұстафа Шоқай аманаты және мұраттарына арналған шаралар легі Жұбанов университетінен бастау алды

Бүкіл түркі жұртының ғана емес, әлемдік деңгейдегі зиялылармен терезесі тең қайраткер Мұстафа Шоқай­ға арналған шаралар легі мұнымен шектелген жоқ. Әрі қарай  «Мұстафа Шоқай аманаты және мұраттар сабақтастығы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясымен жалғасты. Мұнда «Әлем таныған тұлға» ғылыми монографиясы мен «Мұстафа Шоқайдың 12 томдық мұралары» ғылыми жинақтарының таныстырылымы өтті.  Бұл шарада жарық

Көбірек

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат атындағы кабинет ашылды

Бүгін Жұбанов университетінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мұстафа Шоқай - әлем таныған тұлға»  тақырыбы барысында бірқатар  тарихи танымдық іс-шаралар өтті. Оған республика, облысқа танымал филолог-тарихшы ғалымдар, облыстық әкімшілік өкілдері мен зиялы қауым өкілдері, Әлім Алматтың ұрпақтары, тума-туыстары мен университеттің профессор-оқытушылары жиналды. Қазақтың тұңғыш кәсіби скрип­кашысы Әлім Алмат

Көбірек

Аймақтық дөңгелек үстел жұмысына Астана және Ақтөбе қалаларының баяндамашылары қатысты

Бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Нұрсұлтан Назарбаев – мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделінің негізін салушы» атты аймақтық дөңгелек үстелі өтті. Іс-шараның мақсаты – мемлекет басшысының стратегиялық бағдарламасы аясында мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделін құрудағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін талқылау. Дөңгелек үстел жұмысына Астана және Ақтөбе қалаларының ҒЗИ-ның

Көбірек

Тарих факультетінде аймақтық ғылыми оқулар өтуде

Бүгін Жұбанов университетінің тарих факультетінде «Туған өлкеңді тани біл» аймақтық ғылыми оқулары басталды. Бұл шараны Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Рухани қазына» кіші бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Ақтөбе облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқару» ММ мен «Ақтөбе облыстық білім басқарамасы» ММ қолдауымен Ақтөбе облыстық планетарийі мен Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ біргелікте ұйымдастырып

Көбірек