Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Ғылым мен инновациялар (Страница 19)

Бүгінгі конференция Сегізбай Қалыбекұлы бидің қызметіне арналды

Бүгін Жұбанов университетінде  ҚР Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тархан Сегізбай Қалыбекұлы бидің өмір дерегі, қызметі, зерттелу мәселелеріне арналған ғылыми бас қосу өтті. Сегізбай би XVIII ғасырда өмір сүрген тарихи тұлға, Қазақ-Ресей  қарым-қатынасына айтарлықтай ықпал еткен қайраткер. Ғылыми бас қосудың мақсаты - жас ұрпаққа Сегізбай Қалыбекұлы бидің мұрасын насихаттау,

Көбірек

Белгілі әдебиеттанушы ғалым Баян Бораш 80 жаста

Бүгін Жұбанов университетінде Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұлағатты ұстаз, филология ғылымдарының докторы, профессор Бораш Баян Тәліпұлының 80 жылдық мерейтойына орай «Рухани жаңғыру: әдеби мұра және ұлттық құндылықтар» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Аталмыш конференцияға республика, облысқа танымал филолог-ғалымдар, облыстық әкімшілік өкілдері мен зиялы қауым өкілдері,  Баян

Көбірек

Тарих факультетінің оқу ғимаратына діни ағартушы, ұстаз, қоғам қайраткері Досжан Қашақұлы есімі беріледі

Бұл жөнінде Жұбанов университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков бүгін Студенттер сарайында өткен «Қоғамдық сананы жаңғырту және дәстүрлі рухани білім мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөйлеген сөзінде мәлімдеді. Ол «Мешіт-медреселер салып, талай қазақтың көзін ашқан Досжан Қашақұлына университетімізде бүгін осы конференция аясында арнайы оқу кабинеті ашылады. Болашақта тарихшылар мен теологтар оқитын тарих

Көбірек

Жаратылыстану факультетінде аймақтық ғылыми – тәжірибелік конференциясы өтті

Бүгін жаратылыстану факультетінде «Жаратылыстану және химиялық-технологиялық ғылымдарды дамытудағы жас ғалымдар үлесі» тақырыбында студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың аймақтық ғылыми – тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция бес бағыт: биологиялық ғылымдар, экологиялық ғылымдар, химиялық ғылымдар, химиялық-технологиялық ғылымдар, географиялық ғылымдар бойынша жұмыс жасады. Конференцияның ашылу салтанатынан кейін факультет деканы М.Ж.Махамбетовтің модераторлығымен өткен пленарлық отырыста

Көбірек

Қазақ археологиясының атасы

Марғұлан оқулары – 2018 Ақтөбеде «Рухани жаңғыру және археологиялық мұра. Марғұлан оқулары-2018» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Тарих, мәдениет, өлкетану саласы мамандарының басын қосқан мәжіліс «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Қазақстанның қасиетті географиясы» жобасына, Астана қаласының 20 жылдығына арналған іс-шаралар аясында ұйымдастырылды. Ғылыми конференцияны Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі, Әлкей Марғұлан атындағы археология институты, Қ.Жұбанов атындағы

Көбірек

«Рухани жаңғыру және археологиялық мұра Марғұлан оқулары-2018» халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталды

Жұбанов университеті мен Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі, ҚР БЖҒМ БК Ә.Х.Марғұлан атындағы  Археология институты және Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетімен бірлескен аталмыш конференция екі күнге созылады. Әлкей Хақанұлы Марғұлан (1904 – 1985 жж.) – Ұлттық археология және этнография мектебiнiң негiзiн қалаушы, филолог, өнертанушы, шығыстанушы. Филология ғылымының докторы (1945), Қазақстан ғылым академиясының академигі

Көбірек

Студенттердің ғылым апталығы — бесінші күн

9-13 сәуір, 2018 жыл 13-ші сәуір 10.00-12.00 -  Бас оқу ғимараты, № 603, 615 аудиторияларда «Экология» пәні бойынша мектеп оқушылары арасында пәндік олимпиада өтті. 10.00-12.00 -  Бас оқу ғимараты, № 820, 815 аудиторияларда «Химия» пәні бойынша мектеп оқушылары арасында пәндік олимпиада өтті. 10.00-12.00 -  Бас оқу ғимараты, № 721, 708 аудиторияларда «Биология» пәні бойынша

Көбірек