Четверг, Март 28, 2024
Басты > Құттықтаулар (Страница 25)

«Ақтөбе-Өрлеу» мерейтоймен құттықтау….

«Өрлеу» БАҰО АҚ «Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұжымы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, п.ғ.д. Ботағариев Төлеген Амиржановичті  60 жасқа толуымен құттықтады. Мерейтой иесін шын жүректен құттықтай отырып, облыс педагогтарының біліктілігін арттыру ісіне атсалысып, мәнді де мағыналы дәрістер, жаңа форматта өткізілген сабақтарыңызға алғыс білдіреміз!

Көбірек

Амангелді Айталыны құттықтады

Облыс басшысы Оңдасын Оразалин қоғам қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталының шаңырағында болып, ғалымды 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Облыс әкімі той иесіне ізгі тілегін білдіріп, естелік сыйлықтар табыс етті. Ақтөбе қаласының құрметті азаматы атанған ғалым ұзақ жылдар ұстаздық етті, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Ол — 100-ден астам

Көбірек

Абыз

Абыз. Осы сɵздi естiгенде менiң ойыма қазiргi заман тұлғаларынан бiрден Амангелдi Айталы келедi. Табиғатынан философ, терең ойды iждахатты ғылыми iзденiспен дамыта жалқы оқиғалар мен құбылыстардан жалпы заңдылықтар мен үрдiстердi түйе бiлетiн Амангелдi Əбдрахманұлын мен бүгiнгi Қазақстан əлеуметтану, əсiресе "Қазақ тану " ғалымдарының кɵшбасшысы деп бiлемiн. "Бiз кiмбiз?" деген сұрақ ұлттар үшiн

Көбірек

Құттықтаймыз!

Құрметті Амангелді Әбдірахманұлы! Мерейлі 80 жасыңыз құтты болсын! Сіздей қайраткерліктің рухы дарыған ұлт азаматымен әріптес болу менің де, менің әріптестерім үшін де мәртебе. Сіз жүріп өткен асулар, сіздің қызметтеріңізге куә болып қалған уақыт бізге де күш-қуат береді. Ақыл-парасаттың алыбына айналған өр тұлғаңыз аман болсын. Сізге және сіздің жан ұяңызға амандық, денсаулық,

Көбірек

Білім және ғылым министрінің марапаты

Кәсіби-шығармашылық факультеті «Музыка және хореография» кафедрасының аға оқытушысы Абдрашид Раимбергенов ҚР Білім және ғылым министрінің жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» белгісімен марапатталды. Абдрашид Раимбергенов «Ақжелен» халық музыкалық аспаптар оркестрінің жетекшісі, Жұбанов университетінде 15 жылдан астам домбыра класы бойынша сабақ беруде. Оның шәкірттері бірнеше рет республикалық конкурстар

Көбірек

Құттықтаймыз!

2019 жылының 10-12 тамыз күндері аралығында Көкшетау қаласында өткен Шаңғы роллерлік көпсайыстан ҚР чемпионатында кәсіби-шығармашылық факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушысы Айбек Габдуллин ІІІ орынды иеленді. Ал, 13-15 тамыз күндері аралығында Президенттік көпсайыс ҚР чемпионатында ол жүлделі ІІ орынға ие болды! Құттықтаймыз! Құттықтаймыз!

Көбірек

Құттықтаймыз!

Жұбанов университетінің студенті Мажит Култанов «Тарих» мамандығы бойынша  Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ХІ Республикалық пәндік олимпиадасында жеке есепте ІІІ орын алғаны үшін Білім және ғылым министрінің дипломымен марапатталды. Құттықтаймыз!  

Көбірек

Құттықтаймыз!

Жастар жылы аясында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасында «Дефектология»  мамандығы бойынша  ХІ Республикалық пән олимпиадасы өтті. Аталған пән бойынша теориялық және практикалық білім деңгейін анықтау мақсатындағы олимпиадада Жұбанов университетінің студенті Азамат Сүлеймен І дәрежелі дипломға ие болды. Құттықтаймыз!

Көбірек

Алғыс арқалаған күн

Кеше «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық  филиалының ғимаратында Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат болған Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау науқанын ұйымдастыруда белсенділік танытқан бірқатар азаматтарға  Мемлекет басшысының атынан Алғыс хаттар табысталды. Мұнда Жұбанов  университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков, Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Рахым Бекназаров, бас ғылыми хатшы Мира Балтымова,  тарихшы-ғалым Нұртаза Абдоллаев Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс

Көбірек