Четверг, Июнь 1, 2023
Басты > Халықаралық байланыс (Страница 26)

Университет ғалымы Стамбұл университетінің профессорларымен кездесті

Жұбанов университетінің Халықаралық ынтымақтастық орталығының директоры, профессор Гүлжан Шоқым Түркия Республикасына сапары барысында  Стамбұл университетінің Технокентіне арнайы шақырылып, сол университеттің профессорларымен кездесті. Технокенттің бірқатар қызметкерлерімен және Стамбұл университетінің ғалымдары филология ғылымдарының докторы, профессор Исмет Бинер және PhD доктор, компьютерлік инженерия факультетінің профессоры Атакан Куртпен кездесіп, Жұбанов университетінің «Қазіргі түркі тілдерінің тілдік

Көбірек

Еуразиялық зерттеулер бойынша II Халықаралық симпозиумға университет ғалымы қатысты

Шілде айының алғашқы күндері Түркия Республикасы Стамбұл университетіндегі Әл-Фараби Еуразиялық зерттеу орталығында  «Еуразия аймағындағы шығыстану  және түркітану» тақырыбында Еуразиялық зерттеулер бойынша II Халықаралық симпозиумы өтті. Стамбұл университеті мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірлесіп ұйымдастырған кезекті халықаралық симпозиумға алыс- жақын шет елдердің жоғары оқу орындарының профессорлары қатысып, 6 секция бойынша

Көбірек

Студенттердің шет елдегі оқулары аяқталды

2017-2018 оқу жылында сыртқы (халықаралық) академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Ресей, Литва және Польшада білім алған студенттер семестрлік оқуларын аяқтап, елге оралды. Атап айтсақ, «Металлургия» және «Тау-кен ісі» мамандығының студенттері  Г.И.Носов атындағы Магнитогорск мемлекеттік техникалық университетінде, «Химия», «Биология», «Педагогика және психология», «Психология» және «Информатика» мамандығының студенттері Башқұрт мемлекеттік университетінде, «Физика», «Шетел филологиясы»,

Көбірек

«Розетта Стоун» бағдарламасы үйренушілеріне сертификат табысталды

2018 жылдың 28 маусымында Халықаралық ынтымақтастық орталығы «Rosetta Stone Advantage» қашықтықтан ағылшын тілін үйрену курстарын меңгерген, бастапқы және орта деңгейін нәтижелі аяқтаған Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің 26 оқытушыларына сертификаттар табысталды. Аталған бағдарламамен әр бір факультеттің оқытушылары 2017 жылдың қараша айынан 2018 жылдың мамыр айына дейін 72 сағат мөлшерінде онлайн сабақтарын өтеді.

Көбірек

Магистрант-филологтар тағылымдамадан өтті

Филология мамандығының 2 курс магистранттары Ресей Федерациясы Екатеринбург қаласындағы Орал мемлекеттік педагогикалық университеті базасында ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында магистранттар «Актуальные проблемы филологического образования» атты қосымша кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша 72 сағат көлемінде дәріс тыңдап, тәжірибелік жұмыстар жасады. Курс соңында «Особенности литературного процесса» тақырыбында қорытынды сабақ өткізілді. Тағылымдама барысында

Көбірек

Жұбанов университетінің студенттері түрік тілін меңгеріп шықты

Университетте 2018-2019 оқу жылының сәуір айында басталған түрік тілі курсын  58 тіл үйренуші орта  деңгейі бойынша сәтті аяқтады. Түрік тілін жеделдетіп оқыту арқылы студенттерге орта  деңгейлік сертификаты беріледі. Әрбір студент түрік тілін жетік меңгеріп, өз мамандығына байланысты  Түркияның сеіктес университетінде одан әрі қарай дамыта алады. Түрік тілін үйрену академиялық ұтқырлық бағдарламалары, «Мәулана»,

Көбірек

Конференция ағылшын тілінде өтті

Ақтөбеде алғаш рет ағылшын тілінде конференция өтті. Шет тілді жетік меңгерген 200-ден астам маман қатысты. Еліміздің ағылшын тілі оқытушыларының бірлестігі ұйымдастырған ауқымды шараға Америка Құрама штаттарының Қазақстандағы елшілігі қолдау көрсетті. Болашақта пәндерді ағылшын тілінде оқытуға даярланып жүрген мектеп мұғалімдері де бүгінгі конференцияға шақырылды. 8 секция бойынша шет тілін үйретудің үздік әдіс-тәсілі

Көбірек

Физика-математика факультетінде түрік ғалымының дәрістері өтуде

Жұбанов университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Анқара қаласы Орта-Шығыс Техникалық университетінің (Түркия)  физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Марат Ахметтің дәрістер сериясы өтуде. «Импульстік әсері бар дифференциалдық теңдеулер» тақырыбы бойынша дәрістер магистранттар мен докторанттарға арналған болатын. Дәріс сабақтары дифференциалдық теңдеулер тақырыбын тереңірек зерттеу үшін салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып, дереу ортада өткізілуде.

Көбірек