Среда, Апрель 24, 2024
Басты > pressa (Страница 272)

«ТМД үздік студенті» атанды

Халықаралық студенттер ассоциясының (Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы)  «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы заңды тұлғаларының қауымдастық нысанындағы бірлестігінің қолдауымен  «ТМД  үздік студенті - 2020» Халықаралық жобасын ұйымдастырды. Осы жоба аясында  «ТМД үздік студенті-2020» кітап жинағының  шығарылымына жариялануға құжаттар қабылдау басталған болатын. Құжаттар ғылым саласында, өнер саласында, спорт саласында, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары (студенттік ұйымдар төрағалары мен

Көбірек

Атакәсіпке адалдық

Оқыдық, пікір айтамыз Жақында  «Ақтөбе» газетінде ҚР Журналистер одағының мүшесі Әділкерей Әуелбаевтың «Атакәсіпті алға жылжыту – басты бағыт» атты мақаласы жарық көрді. Алғашында бұл мақалаға аса мән бермей «е, атакәсібіміз мал ғой, мал шаруашылығын қазаққа түсіндірудің не қажеті бар?» деген ой келгені рас. Осы ретте марқұм Үкітай Байжомартов айтқан бір әңгіме есіме түсіп, езу

Көбірек

Сақтық шаралары уақытылы жүзеге асырылып келеді

Қазақстант Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлемді жайлаған қауіпті індеттен туындаған жағдайға байланысты үндеу жариялады. Мемлекеттік комиссияның шешімімен шілде айының бесінен бастап елімізде екі апталық мерзімге карантин шаралары енгізілуі қажетті шешім болғаны сөзсіз. Мемлекет басшысы жағдайды тұрақтандыру үшін жасалған шаралардың алғашқы нәтижелері бар екенін айтты. Барлық азаматтарды тағы да карантин ережелерін қатаң сақтауын, індетпен

Көбірек

Жас суретшілер мен дизайнерлер емтихан тапсырды

Еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты сақтық шараларын қатаң сақтау негізінде емтихан тапсыру жүйесіне өзгерістер енгізілген болатын. Соған орай Жұбанов университетінде  шығармашылық емтихандар  онлайн форматқа ауыстырылды.  Бұл ретте "Дизайн",  "Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау" мамандықтары бойынша да шығармашылық емтихандар ZOOM платформасы негізінде онлайн жүзеге асты. Шығармашылық емтихан кезінде талапкерлердің басым көпшілігі бейнелеу өнерінің заңдылықтарын

Көбірек

Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау

2020 жылдың 15 маусымынан 15 шілдесіне дейін кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау жүргізілуде. Ағымдағы жылы түсушілер өтінішті Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы онлайн тапсырады. Өтініш беру үшін түсуші https://egov.kz/ мобильді деректер базасына тіркеліп, содан кейін http://did.gov.kz сайтында Digital ID-сандық төлқұжат жасауы қажет (жеке басын растайтын құжат). Сандық төлқұжатты жасағаннан кейін түсуші https://pvo-zayav.testcenter.kz веб-сайтына өтіп, қажетті деректерді толтырып, тіркелуі

Көбірек

Тимурдың көмегі

Еріктілер жылы «Өмір мен өлім арасында жатқан науқастарды көру оңай емес. Ал олардың қиналғанын, ауа жетпей жатқанын көргенде, өзің туралы ойламайсың, тек қолдан келгеннің бәрін жасайсың», — дейді М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті жатақханасындағы провизорлық стационарда жұмыс жасап жүрген ерікті жас Тимур Нарымов. Қазір ол стационарда түнгі ауысымда дәрігерлерге көмектесіп, науқастардың

Көбірек

Көңіл айтамыз

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік  университетінің ұжымы  «Физика» кафедрасының доценті, физика  ғылымдарының кандидаты Жұбаев Сабыржан Ертарғынұлының  өмірден өтуіне  байланысты отбасына, туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Көбірек

Ақын мұрасы — асыл қазына

Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының  ұйымдастыруымен «Өлең — сөздің патшасы» тақырыбында онлайн режимінде әдеби кеш өтті. Шараға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің  қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі  Рита Жұмағалиева қатысты. Әдеби кеш барысында Рита Жұмағалиева кітапхана оқырмандарына ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы мен оның тәрбиелік-тағылымдық мәні туралы айтып берді. Сондай-ақ

Көбірек

Болашақ чемпиондар бақ сынады

Кеше Жұбанов университетінің кәсіби-шығармашылық факультетінде талапкерлер үшін шығармашылық емтихандардың кезеңі басталған болатын. Бүгінде университеттің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының шығармашылық сынағына 160-қа жуық  талапкер ниет білдірген. Аталмыш  мамандыққа тапсырушы талапкерлер бақылау нормативтері барысында жалпы дене дайындығының нормативтері мен мамандану бойынша нормативтерді орындады. Ер балалар кермеде тартылу және тұру қалпынан отырып тұрудан, ал

Көбірек