Пятница, Март 29, 2024
Басты > Университетке — 85 жыл (Страница 3)

Білім ордасына — 85 жыл

Бүгін Жұбанов университеті 85 жылдық мерейтойын атап өтті. Айтулы дата өзгеше форматта ұйымдастырылуымен ерекшеленді. 1935 жылы алғаш рет түлектерге есігін айқара ашқан білім ордасы өңірдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Білімді де, білікті мамандық иелерін даярлайтын қара шаңырақ түлектері бүгінде әлемнің әр түкпірінде еңбек етеді. Қазақстанның ғылымын дамыту мақсатында тың жаңашылдықтарға

Көбірек

Мерейтойлық марапаттар

Жұбанов университетінің  өркендеуі мен дамуына үлес қосқан ғалымдар, қызметкерлер марапатталды.  Көз майын тауысып, ғылыми жаңалық ашуға өз өмірін арнайтын ғалымдарға бұл сый-сияпат университет мерейтойының құрметіне берілуде. Бүгінгі  мерейтойда үздіктерге «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне 85 жыл» мерекелік төсбелгісі тапсырылды. Салтанатты жиында  ел дамуына елеулі үлес қосқан азаматтардың еңбегі айрықша аталып, ҚР

Көбірек

Университет аумағы жаңа шыршалармен толықты

Ағаш отырғызу әрқашан жаңа бастаудың белгісі және бұл мәні ерекше салттардың бірі. Жас көшет – бұл жаңа өмір! Осындай жақсы ниетпен Жұбанов университеті мерейтойға орай шыршалар отырғызды. «Жасыл желекті Жұбанов»  жобасы университеттің сәулеттік келбетін жақсарту, абаттандыру, көгалдандыру, қоршаған ортаның таза болуына атсалысуға шақыру мақсатында ұйымдастырылады. Бұл ретте білім ордасының мерейтойы аясында

Көбірек

Жаңа кітаптардың тұсауы кесілді

Бүгін Жұбанов университетінің 85 жылдығына орай оқу орнының тарихынан сыр шертетін кітаптың тұсауы кесілді. Кітап авторы университет оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Дәулет Әбенов. Кітапта өңірдегі жетекші университеттің 85 жылдағы өзгерістері мен қол жеткізген жетістіктері туралы баяндалады. Мұнда облыстық мұрағат материалдары негізінде алғашқы студенттер, оқытушылар, оқу ғимараттары туралы мәліметтер келтірілген. Жұбанов университеті 1966

Көбірек

Университет мерейтойында әлем ғалымдары бас қосты

Жұбанов университеттің 85 жылдығына орай «Жоғары білім беруді интернационалдандырудағы әлемдік тұжырымдамалар, үрдістер мен сын-қатерлер» тақырыбында халықаралық онлайн конференция өткізілді. Конференцияда жоғары білім беруді, ғылымды интернационалдандырудағы тәжірибе мен мүмкіндіктер, шетелдік серіктестердің үздік тәжірибесі, халықаралық білім-ғылым жобаларының жоғары білім беруді интернационалдандырудағы рөлі талқыланды. Онлайн конференцияға Қазақстанның жоғары оқу орындары, Италия, Испания, Франция, Польша, Түркия,

Көбірек

Жаңа кабинеттер ашылды

Жұбанов университеті  – бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда өз даңғыл жолы бар, өз мектебі қалыптасқан іргелі жоғары оқу орындарының бірі.  Жұбанов университеті үшін айтулы күн. Олай деуіміздің өзіндік себебі де бар.  Өңіріміздегі қарашаңырақ оқу ордасы атанып кеткен Жұбанов университетінің құрылғанына 85 жыл толып отыр. Мерейтойға орай аталған білім ордасында бірнеше бағыттағы 85

Көбірек

Аймақтық семинарда бас қосты

Жұбанов университетінің 85 жылдығына орай «Студенттік өзін-өзі басқару - жастардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту негізі» тақырыбында аймақтық онлайн-семинар өткізілді. Семинарға Нұр-Сұлтан, Батыс Қазақстан облысы, Ақтау, Атырау қалаларын  қамтыған  100-ден астам студенттер  қатысты. Сондай-ақ семинарға жастар қозғалысының жетекшілері мен жастар ұйымдарының жетекшілері де қатысты. Аймақтық семинарда  Абдулла Жандос, Сая Сағынғалиқызы, Нұрбақыт Алтынбекқызы, Нарқозы Қартжан және

Көбірек

Жас мамандар сайысты

Жұбанов университетінің мерейтойы қарсаңында оқытушылар мен студенттердің  қатысуымен мерекелік іс-шаралар өткізілуде. Бүгін  де аталған оқу ордасының жас мамандары арасында «Quiz, please!» шарасы ұйымдастырылды. «Quiz, please!» интеллектуалды сайысы  бірнеше турлардан тұрды, олардың бірі Жұбанов университетінің тарихы мен дамуына арналған. Сайыста топ мүшелері тапсырма орындалу шартына байланысты белсенділік танытты. Сайыс қорытындысында 1 орын техникалық факультетіне бұйырса,

Көбірек

«ART-YURTA» II Халықаралық онлайн көрме-байқауына шақырамыз

«ART-YURTA» II Халықаралық онлайн көрме-байқауы Жұбанов  университетінің 85 жылдық мерейтойы  аясында ұйымдастырылады. Дәстүрлі шығармашылық жоба жұмыстары көрме қорытындысы бойынша каталогта жарияланатын түрлі елдерден қатысушыларды жинайды. Байқау нәтижелері бойынша іріктеліп алынған қатысушылардың еңбектерін каталогқа  шығару жоспарлануда. Көрме-байқаудың  әрбір қатысушысына каталогтың электрондық нұсқасы, қатысушылардың сертификаттары мен дипломдары жіберіледі. Байқаудың басты  мақсаты - ұлттық мәдениетті шығармашылық

Көбірек