Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Халықаралық байланыс (Страница 30)

Физика-математика факультетінде түрік ғалымының дәрістері өтуде

Жұбанов университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Анқара қаласы Орта-Шығыс Техникалық университетінің (Түркия)  физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Марат Ахметтің дәрістер сериясы өтуде. «Импульстік әсері бар дифференциалдық теңдеулер» тақырыбы бойынша дәрістер магистранттар мен докторанттарға арналған болатын. Дәріс сабақтары дифференциалдық теңдеулер тақырыбын тереңірек зерттеу үшін салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып, дереу ортада өткізілуде.

Көбірек

Ғылым, білім, өндіріс саласындағы жаңа меморандумға қол қойылды

Бүгін Жұбанов университеті мен «Алтиес Петролеум Интернешнл Б.В.» аймақтық компаниясымен ғылым, білім, өндіріс саласындағы екіжақты ынтымақтастық туралы жаңа меморандумға қол қойылды. Шараға «Алтиес Петролеум Интернешнл Б.В.» компаниясының аймақтық директорының орынбасары Абат Жекеев, компанияның еңбек ресурстары бөлімінің бастығы Жұлдыз Рахметова, Жұбанов университетінің бірінші проректоры Қуанышбек Шүнкеев, оқу ісі жөніндегі проректор Бибігүл Әбенова,

Көбірек

Серіктес Кореялық жоғары оқу орнының ғалымдары «Абат-Байтақ» кесенесіне жоғары қызығушылық байқатты

Бұл жөнінде кореялық қонақтарды тарихи кесенеге саяхатқа апарған «Тарих және дінтану» кафедрасының аға оқытушысы Айшуақ Дәрменұлы баяндайды: ҚР Президенті биылғы жолдауда «Жоғары оқу орындары шетелдердің жетекші университеттерімен, ғылыми орталықтарымен, ірі кәсіпорындарымен және трансұлттық корпорацияларымен бірлескен жобаларды белсенді түрде жүзеге асыруы қажет» деп нақты тапсырмалар берді. Замана талабы бойынша әлемдік бәсекеге қабілетті,

Көбірек

Студенттер Түркиядан білімдерін шыңдап келді

Бүгін Жұбанов университетінің ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков  халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркия Республикасының Сакария университетінде семестрлік білім алып келген 14 студентпен және «Мәулана» бағдарламасы бойынша Түркия Республикасына оқуға жіберіліп отырған студенттермен кездесті. Шараға университеттің халықаралық ынтымақтастық орталығының директоры Гүлжан Шоқым, түрік тілін оқыту орталығының оқытушылары Рокхман Өксуз, Гокхан Гюль қатысты. «Біздің университетіміздің

Көбірек

Университет студенттері поляк тілін үйренетін болды

Бүгін Жұбанов университеті мен поляктардың Ақтөбе қаласындағы «Святло» этномәдени ұйымының арасында шығармашылық қарым-қатынас турасында келісімшарт жасалды. Университеттің Ғылыми кеңес залында өткен кездесуде ректор, профессор Бауыржан Ердембеков сөз сөйлеп, академиялық ұтқырлық бағдарламасына тоқталды. Сондай-ақ, университеттегі Халықаралық ынтымақтастық орталығының жұмысын ерекше атап өтті. Өз кезегінде   «Святло» этномәдени орталығының басшысы Елена Цибульская университет басшылығына алғыс

Көбірек

Жазғы тілдік лагерге 50 студент жолдама алды

Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастырумен өткізілетін ІV Түркі әлемі университеттері жастарының жазғы тілдік лагерге  GPI көрсеткіші жоғары  Жұбанов университетінің 50 студенті қатысуға жолдама алды. Аталмыш жазғы тілдік оқу курсы 2018 жылдың 18 маусымы мен 15 шілдесі аралығында Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркістан кампусында өткізіледі.  Оған  Қазақстан, Қырғызстан

Көбірек

Жұбанов университеті EURAS одағына қабылданды

Жұбанов университеті Еуразиялық университеттер одағына мүше болып және мүшелік туралы сертификатқа ие болды.  EURAS - Батыс және Орталық Еуропа, Балкан, Кавказ, Таяу Шығыс, сондай-ақ бүкіл Азияның 90-нан астам университеттерінің ынтымақтастығын құрайтын коммерциялық емес халықаралық қауымдастық, сонымен қатар Еуразия аймағындағы білім беру стандарттарын жаһандық насихаттау бойынша жұмыс жасайтын ұйым. EURAS  Еуразия аймағында тең

Көбірек