Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар (Страница 310)

Ашық есік күндері өтіп жатыр

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде білікті мамандар даярлау, студенттерге мамандық таңдауға көмектесу және кадрлар тапшылығын жою мақсатында Ашық есік күндері басталды. Дүйсенбі күні Ақтөбе қаласындағы15 мектептен 500-ден астам мектеп бітіруші сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат алды. Олар алдымен университеттің Инновациялық технологиялар паркімен, зертханалармен, болашақ кәсіпкерлерге арналған «StartUp» академиясымен, Студенттер сарайымен, Жастар

Көбірек

Ғалымдардың жемісті жетістіктері

Бүгін Жұбанов университетінің Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Аталмыш жиын құттықтау рәсімімен басталды. Онда отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосып, жетістіктерге қол жеткізген бірқатар ғалымдарға лайықты құрмет көрсетілді. Алдымен  ректор Бауыржан Ердембеков физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қуанышбек Шүңкеевті Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі дипломын алуымен құттықтады. Содан соң  университеттің оқу және оқу-әдістемелік

Көбірек

Университет еріктілері фронт-офистің ашылуына қатысты

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев ЭКСПО көрмесінің «Art Hub» павильонында орналасқан еріктілердің  «BIRGEMIZ» республикалық фронт-офисын ресми түрде іске қосты. «Еріктілер жылына» орай  ұйымдастырылған шарада  Ақтөбе облысының еріктілер ұйымдарының 25 жетекшісінің ішінде Жұбанов университетінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Нарқозы Картжан да бар. Фронт-офистың ашылуы барысында «QAZVOLUNTEER.KZ» онлайн платформасының жұмыстары және

Көбірек

Жоғары білім беруді дамыту мәселелері талқыланды

Жұбанов университетінің профессорлық-оқытушылық  құрамы мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары талдаушы, экономика ғылымдарының кандидаты Гүлмира Қорғанбаевамен кездесті.  Ректор Бауыржан Ердембековтің шақыруымен келген сарапшы екі күн бойы  университеттің стратегиялық дамуы бойынша семинарлар өткізді. Сарапшы  кездесуде әлемдік университеттердің тәжірибесіне сүйене отырып, жаңа заманауи талаптар мен  академиялық бағдарламаларды жетілдіру мәселесін талқылады. Кездесуде Гүлмира Қорғанбаева Жұбанов университетінің негізгі

Көбірек

Жұбанов университетінде ашық есік күні басталды

 Бүгін ақтөбелік оқушылар сұранысқа ие маман болу үшін асфальт жасауды, жылыжайда құлпынай өсіруді және басқа да кәсіп иесі болуды үйренді. Өңірдегі кадрлар тапшылығын жою, білікті мамандар даярлау және  мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру үшін Жұбанов университетінде Ашық есік күндері басталды.  Университет мамандары қаладағы 15 мектептің 500-ден астам мектеп бітірушілеріне сұранысқа ие

Көбірек

Музыка мен хореографияны оқытудың заманауи әдістерін талқылады

Жұбанов  университетінің Жастар сарайында  «Рухани құндылықтар (саз және би) принципі негізінде оқытудың әдістері» атты аймақтық әдістемелік семинар өтті. Жастар сарайына жиналғандарға алдымен университет қыздарының қолынан шыққан көйлектерінен арнайы дефиле көрсетілді. Аталған жиында Жұбанов университетінің  «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының доценті Нұржамал Мукеева, А.Жұбанов атындағы музыка колледжінің директоры Аманжол Исмағұлов  және  басқа да

Көбірек

85 жылдыққа — 85 кітап

Эстафета Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің кітапхана қоры тың туындылармен толықты. Тарих ғылымдарының кандидаттары Дәулет Әбенов пен Бибігүл Әбенова университеттің 85 жылдығына орай ғылыми кітапханаға 85 кітабын тарту етті.   Авторлардың  монографиялары, оқу құралдары мен жинақтары туған өлке тарихына қызығушылық танытқандар үшін қолжетімді болмақ. Ғалымдардың еңбектерінің ішінде Әбілқайыр ханның ұрпағы Бақытжан Қаратаевтың 1934

Көбірек

Университет еріктілері заңгерлерге көмектеседі

Бүгін Жұбанов университеті мен Ақтөбе облысы әділет департаментінің өкілдері  облыстағы еріктілермен кездесу өткізді. Аталмыш басқосу еріктілердің заңгерлерді халықтың құқықтық сауаттылығын көтеру жұмыстарына тарту және құқықтық мәселелер бойынша азаматтарға кеңестер беру мақсатында ұйымдастырылды. Жұбанов университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Нұржан Бердыбаев волонтерлік қызметті дамыту мен ілгерілету бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап

Көбірек