Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Хабарландырулар (Страница 35)

Құрметті кафедра қызметкерлері!

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-ң кафедра қызметкерлерін New book компаниясы оқу семинарына шақырады: «ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ – ӘЛЕМДІК ТРЕНД» ТАҚЫРЫПТАРЫ: ОНЛАЙН КУРСТАР: Қысқаша мазмұны: Оқыту. Онлайн курсын құру негізі. Жүйеден оқытушы үшін жеке курс бөлу. ЭЛЕКТРОНДЫҚ БАЗА Қысқаша мазмұны: «Электрондық-кітапханалық жүйе» бағдарламалық өнімі (оқу процесі үшін) МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ОҚУЛЫҚТАР Қысқаша мазмұны: Мультимедиялық оқулық (MО) – студенттерге мәтіннен өзге, білімді автоматтық басқаруды

Көбірек

Конрад Аденауэр атындағы қоры мерзімі 5 айға берілетін Sur-Place жергілікті стипендиясына конкурс жариялайды

Қазақстанның ЖОО-да (жоғары оқу орындарында) күндізгі оқитын және конкурстық іріктеуден өткен Қазақстан Республикасы азаматтары қордың стипендиаттары бола алады. Ерекшелік ретінде соңғы курста оқитын студенттерге стипендия тағайындалуы мүмкін. Құжаттарды тапсыру кезінде қатысушының жасы 30-дан аспауы тиіс. Конкурстық іріктеуде, басымдылық әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар факультеттерінің студенттеріне беріледі: саясаттану, экономика және қаржы, менеджмент, құқық,

Көбірек

Хабарландыру

26 қараша күні Жұбанов университетінде әдістемелік апталықтың басталатындығын хабарлаймыз. Осыған орай 2018 жылдың қараша айының 26 күні сағ 14.30 да Жұбанов атындағы конференц залда «ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ЖАҢАРТУ» тақырыбында университетішілік әдістемелік семинар өтеді. Семинарға факультеттердің әдістемелік Кеңес төрағаларын, кафедралардың әдістемелік секция

Көбірек

Хабарландыру

2018 жылдың 22 қараша мен 6 желтоқсан арасында Орынбор мемлекеттік университетінің "Дизайн" кафедрасының меңгерушісі, доцент, өнертану ғылымдарының кандидаты Чепурова Ольга Борисовна академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында "Дизайн" мамандығының 1-курс студенттері үшін "Дизайн негіздері" пәнінен дәріс және практикалық сабақатар өткізеді.  "Графикалық және архитектуралық дизайн" мамандығының 3, 4, 5 курс студенттері үшін ол дөңгелек

Көбірек

Хабарландыру

Құрметті оқушылар мен студенттер! Сіздерді шетел тілдері факультеті 22 қараша, сағат 14.00-де өтетін Ашық есік күніне және Thanksgiving day американдық мереке күнін бірге тойлауға шақырамыз. Мұнда сіздерге қызықты ақпараттар, мерекелік концерт, КВЕСТ, сонымен қатар факультетіміз бен мамандықтарымыз жөнінде толық ақпарат алуға мүмкіндік бар. Қажетті ақпарат пен керемет сыйлықтар алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.

Көбірек

Қ.Жұбанов ат. АӨМУ Үздіксіз білім беру институты Қосымша білім беру орталығының педагогикалық кадрларды қайта даярлау курстары бойынша АҚПАРАТ

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Үздіксіз білім беру институты, Қосымша білім беру орталығы педагогикалық кадрларды қайта даярлау бағдарламалары бойынша (қашықтықтан оқыту технологиясы) курстар өткізеді. Оқу мерзімі - 2 ай, 282 (сағат) Курстың оқу ақысы – 30 000 теңге. Курс мерзімі аяқталған соң куәлік (қосымшасымен) беріледі. Қажетті құжаттар: * Дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі * Жеке

Көбірек

Университетішілік әдістемелік апталық өтеді

Жұбанов университетінің оқу-әдістемелік жұмыстарының жоспарына сәйкес 2018 жылдың қараша айының 26-30 аралығында «Оқыту үдерісінде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану: әдістері мен тиімділігі» тақырыбында университетішілік әдістемелік апталық өткізіледі. Әдістемелік апталықтың мақсаты – студенттердің білімдерін шыңдап, сапалы білім беру мақсатында оқытушылардың әдістемелік құзіреттіліктерінің дәрежелерін көтеру және кәсіби шеберліктерін жетілдіру. Оқу үдерісінде цифрлық білім

Көбірек

Ғылыми-инновациялық жобаларды гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың өткізілуі туралы хабарландыру

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 2019 жылға ғылыми-инновациялық жобаларды гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың өткізілетінін хабарлайды. Конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтінімді беру туралы сұрақтар бойынша кеңес беруші ғылым және инновациялар жөніндегі проректор – Бекназаров Рахым Ағыбайұлы, ғылыми-инновациялық бағдарламалар департаментінің директоры – Берікхан Иісбекұлы. Өтінімдер 2018 жылдың 12 қарашадан 30 қарашаға дейін қабылданады. Конкурстық

Көбірек

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасы «Әдебиет және дін» атты дөңгелек үстел өткізеді. Өтетін орны: Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ ғылыми кітапханасының №3 оқу залы Өтетін уақыты : 2018 жыл 20 қараша, сағат: 15-00  

Көбірек