Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар (Страница 392)

Студенттер бизнес сауаттылықтарын арттырады

Ақтөбелік 40 студент компьютерлік және бизнес сауаттылықтарын арттырады. 3 күн бойы MediaNet халықаралық журналистика орталығы және Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігі жастарға тегін тренинг өткізеді. Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Томас Хельм студенттерге орташа және тереңдетілген деңгейде дуальды білім беру бойынша Германиядағы тәжірибемен бөліседі. Тегін тренинг өткізіп,

Көбірек

«Мансап» орталығы және түлектерді жұмыспен қамту

Көшпелі мәжіліс Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесі» қауымдастығының көшпелі мәжілісі өтті. Онда «Адами капиталды дамытудың Жол картасын» жүзеге асыру мақсатында құрылған «Мансап» орталықтарын дамыту мәселелері талқыланды. Шараға Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Бану Нарбекова және «Филипп Моррис» компаниясының

Көбірек

Мерекеде профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер марапатталды

Бүгін Студенттер сарайында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған «Бәрі де сіздер үшін, Арулар!»  мерекелік шарада Жұбанов университетінің төмендегі профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері марапатталды. Құттықтаймыз!   Облыс әкімінің алғыс хаты   Нұрмұханова Гүлнар Еркінқызы - Жаратылыстану факультеті, кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент; Сагимбаева Шынар Жанұзаққызы - Физика-математика факультеті, физика-математика ғылымдарының кандидаты;

Көбірек

Бәрі де сіздер үшін, Арулар!

Осы тақырыпта Студенттер сарайындағы  Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын Көлеңке театрының «Ару ғұмыр» қойлымымен ашылды. Бүгінде Жұбанов университетінде 1197 адам қызмет етсе, оның  74 пайызы нәзік жандар, ал білім алушылардың 70 пайызын қыз балалар құрайды екен. Осылайша, университетте халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында нәзік жандардың еңбегі еленіп, оларға жоғары деңгейде сый-құрмет

Көбірек

Құрметті әріптестер! Қымбатты ханымдар, аяулы арулар!

Әдемілік атаулыдан нәр алған, шыға келер сұлулық боп сан алдан, махаббаттан жаралған, Ұмай анадан таралған, күллі тіршілік иесін «Ана» деген сөзге табындырған, өзінің қылау түспес қылығымен ер-азаматтарды бағындырған барша Аруларды бүгінгі 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Қазақта қыз баланы, аяулы жарды, ананы, кимешекті әжені ерекше қадірлеп өткен. Бүлдіршін кезінен  қыз

Көбірек

«Lesson-study» тәсілін жүзеге асыру барысымен танысты

Жұбанов университетінің Үздіксіз білім беру институтының біліктілікті арттыру орталығы университет оқытушылары үшін "Lesson Study: зерттеу қызметі" тақырыбында университеттік әдістемелік семинар өткізді. Семинардың мақсаты - жоғары оқу орнының оқытушыларын Lesson-study іс-әрекетінде зерттеу тәсілдерімен таныстыру, оқытушылық қызметте осы тәсілді жүзеге асыру мүмкіндігін анықтау, оқыту практикасында Lesson-study қолдануға ынталандыру. Әдістемелік семинарды ҚР педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін

Көбірек

Филологтар мәдениетаралық қарым-қатынастың өзекті мәселелерін талқылады

Жұбанов университетінің «Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасы оқытушылары мен магистрларының Орынбор мемлекеттік университетіндегі әріптестерімен біріккен «Мәдениетаралық коммуникация аспектісіндегі орыс тілі мен әдебиеті»  тақырыбында онлайн-вебинар өткізді. Аталмыш вебинарды ОМУ профессоры, педагогика ғылымдарының докторы И.И.Просвиркина және Жұбанов университетінің доценті,  филология ғылымдарының кандидаты Г.И.Унгарбаева  алғысөздерімен ашты. Вебинарда педагогика ғылымдарының докторы, «Орыс филологиясы және

Көбірек

«Кәсіби даму және мансап» орталығы ашылды

Жұбанов университетінде бүгін «Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесі» қауымдастығының көшпелі мәжілісі өтті. Онда «Адами капиталды дамытудың Жол картасын» іске асыру аясында құрылған Мансап орталықтарын дамыту» мәселелері талқыланды. Мәжіліске ҚР БжҒМ Жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Бану Нарбекова мен CNPC HRD директоры, Филип Моррис компаниясының GR менеджерлері, Еңбек ресурстары департаментінің,

Көбірек