Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Халықаралық байланыс (Страница 4)

Академиялық ұтқырлық студент үшін зор мүмкіндік

Zhubanov University студенттер үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасы конкурсына 2-3 курс студенттері қатыса алады. Академиялық ұтқырлық шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен конкурсқа қатысуға көрсетілген құжаттарды ұсыну шетелдік әріптес ЖОО арасындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.  Үміткерлер конкурсқа қатысып, іріктеледі. Басты талап шетел тілін меңгеру деңгейі В2 төмен емес, ағымдағы үлгерім

Көбірек

Жұбанов университетінде ағылшын тілі бойынша емтихан өтті

Бұл жаңа оқу жылынан бастап Жұбанов  университетінің базасында ашылатын Шотландияның Heriot-Watt университетінің филиалына оқуға түскісі келетін талапкерлер үшін өткізілген екінші емтихан. Бірінші емтихан 29 сәуірде өткізілді. Емтиханды қабылдау үшін Ақтөбеге арнайылап Heriot-Watt University өкілі Джаред Филиппи келді. Естеріңізге сала кетейік, талапкерлердің 13-15 шілде аралығында емтиханды қайта тапсыруға тағы бір мүмкіндігі бар. IELTS

Көбірек

Purdue университетінің профессоры STEM білім беру бағытындағы оқыту курсын бастады

Бүгін Жұбанов университетінің оқытушыларына Purdue университетінің профессоры Асунда Паул Андека STEM білім беру бағытындағы оқыту курсын бастады. Шетелдік ғалым 29 мамыр мен 1 маусым аралығында  курс қатысушыларына STEM әдістерін практика жүзінде үйрететін болады. Сонымен қатар сабақ барысында өзара пікір алмасу, талқылау, топтық жұмыстар жүргізіледі. Естеріңізге сала кетейік, Жұбанов университеті Сәтбаев университеті мен

Көбірек

Heriot-Watt университетіне оқуға түсу үшін кезекті ағылшын тілі емтиханы өтеді

Естеріңізге сала кетейік, Жұбанов университеті базасында ашылатын Шотландияның Heriot-Watt университеті филиалына оқуға түскісі келетін мектеп бітіруші түлектердің алғашқы легі осы жылдың 29 сәуір күні ағылшын тілі емтиханын тапсырды. Енді кезекті емтихан 18 маусымда өткізіледі. Айта кетейік, бұл IELTS сертификаты жоқ немесе тестілеу нәтижелерінің мерзімі өткен оқушылар үшін арнайы IELTS форматында болады.

Көбірек

Жұбанов университетінде Heriot-Watt оқуға түсу емтиханы өтті

Бүгін Жұбанов университеті базасындағы Heriot-Watt Шотландия университетінің филиалына түсуші талапкерлер ағылшын тілін білуге түсу емтиханын тапсырды. Таңертеңгі сағат 8-ден бастап Жұбанов университетінің техникалық факультетінің жанына оқушылар мен олардың ата-аналары жиналды. Емтихан басталар алдында Heriot-Watt университетінің өкілдері қатысушыларды қарсы алып, сәттілік тіледі. Heriot-Watt университетінің Халықаралық факультетінің атқарушы деканы Анна Фендж емтихан тапсырушы үміткерлермен

Көбірек

Heriot-Watt университетінің өкілдері Ақтөбеге келді

Ертең 29 сәуірде Heriot-Watt университетінің филиалына түсетін талапкерлер үшін ағылшын тілінің деңгейін анықтау емтиханы өтеді. Шотландиядағы жоғары оқу орнының өкілдері Ақтөбеге келіп, бүгін Жұбанов университетінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. - Біздің университеттің филиалын ашу үшін қажетті бірнеше факторлар бар, ол - жоғары оқу орнын қолдайтын мемлекет, елдегі дамыған өнеркәсіп және сәйкесінше білікті инженерлік

Көбірек

Университет басшылығы шетелдік әріптестермен кездесті

Жұбанов университетінде бір апта жуық белгілі поляк мамандарының тренингтері өтіп жатыр. Осындай қысқа мерзімде 800-ден астам ақтөбелік оқудан өтті. Польша елінен келген өкілдер бүгін Жұбанов университетінің басшылығымен кездесті. - Жұбанов университеті алты жылдан астам уақыттан бері біздің стратегиялық серіктесіміз болып келеді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Польшада білім алып жатқан студенттеріңізге алғысымыз шексіз.

Көбірек

Поляк дәрігерлері ақтөбеліктерге алғашқы көмек көрсету дағдыларын үйретеді

Жұбанов университетінде алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша поляк дәрігерлері тегін тренингтер өткізуде. Ақтөбеге 9 поляк нұсқаушысы келді. Олар бір апта көлемінде 1000-ға жуық ақтөбеліктерді оқытуды жоспарлап отыр. - Сабақтар бірегей, өйткені мұнда теория жоқ. Алдымен қатысушылар манекенге алғашқы көмек көрсетуді үйренеді, содан кейін бір-біріне жаттығады.  Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, Қазақстан тұрғындары алғашқы көмек

Көбірек

Доктор Дэвид Марш онлайн-қонақ дәрісін өткізді

Жұбанов университетінің оқытушылары мен білім алушыларына доктор Дэвид Марш "Табиғи тілдегі жасанды интеллект процессорлары (ChatGPT) арқылы университеттерде оқытудың жаңа қиындықтары мен мүмкіндіктері" тақырыбында онлайн-қонақ дәрісін өткізді. Дэвид Марш - Ұлыбританияның Корольдік өнер қоғамының, EduCluster Finland Консультативтік кеңесінің және Ювяскюля университеті тобының мүшесі, сондай-ақ Финляндияның MED директоры. Ол 25 жыл бойы Финляндияда білім

Көбірек