Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Құттықтаулар (Страница 43)

Бүгін — Дүниежүзілік туризм күні

Дүниежүзілік туризм күні 1979 жылы Испанияның Торремолино қаласында Бүкіләлемдік туристік ұйымның Бас ассамблеясының ІІІ сессиясында бекітілген. 1970 жылдың 27 қыркүйегінде Дүниежүзілік туристік ұйым Жарғы қабылдады. Содан бері осы күн дүниежүзілік туризм күні болып белгіленген. Мерекенің басты мақсаты - туризмді насихаттау, оның әлемдік қауымдастық экономикасына үлесін жариялау, түрлі елдердің халықтары арасындағы

Көбірек

Жігердің жетістігі

2017 жылдың қыркүйек айының 15-24 күні аралығында Атырау қаласында өткен  тірек – қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының V Спартакиадасында ұзындыққа секіру, ядро итеру спорт түрлері бойынша  5В042100 –Дизайн мамандығының 4-курс студенті Жігер Кенжеғалиев 3-орын алды. Жігерді бұл жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!

Көбірек

Университет ректоры ғалымды мерейлі жасымен құттықтады

Жұбанов Университеті ғылыми кеңесінің бас хатшысы, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Абылай Мухамбетжан мерейлі 70 жасқа толып отыр. Осыған орай университет ректоры Бауыржан Ердембеков Абылай Жортабайұлын мерейлі 70 жасымен арнайы құттықтап, иығына қазақтың әдемі дәстүрімен шапан жапты. Сондай-ақ, ақшалай сыйақымен гүл шоқтарын табыс етті. Бауыржан Аманкелдіұлы құттықтау барысында 70-тің асуын бағындырған

Көбірек

Құрметті Абылай Жортабайұлы!

Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Сізді мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белесі – 70 жасқа алып жетті. Сіз осы кемелдікке тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырсыз. Осынау жылдар ішінде өмірдің талай белестерінен табысты өтіп, бүгінде өркен жайған алып бәйтеректей ғылымның биік шыңына жетіп, парасатты ұстаз, үлкен бір әулеттің ақылшы тірегі, арқа сүйері

Көбірек

Ырғыздағы қос жүлде

2017 жылғы 14-15 қыркүйек аралығында Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында өткен облыстық ХХІ «Аймақты әнмен тербетіп...» атты өнер мерекесінде Жұбанов Университеті кәсіби-шығармашылық факультетінің музыкалық білім мамандығының 4-курс студенті А.Тәжмағамбетова эстрадалық ән жанры бойынша ІІ орын иеленді. Музыкалық  білім  мамандығының  2-курс студенті Теңел Омаров дәстүрлі ән жанры бойынша ІІІ орын жеңіп алды. Сонымен

Көбірек

Жұбанов Университетінің 6 студенті бір реттік шәкіртақымен марапатталды

«Туған жерім — нұрлы елім» акциясы аясында Мұғалжар ауданының күндеріне арналған бірнеше шаралар өтті. Жұбанов университетінде өткізілген шара барысында Мұғалжар ауданы әкімі, университет түлегі — Ербол Данағұлов Мұғалжар ауданынан оқуға келген үздік филология факультетінің 3-курс студенті Мейрамгүл Ораз, филология факультетінің 2-курс студенттері Жұлдызай Қалиғұлла, Аружан Тұрғанбай, кәсіби-шығармашылық факультетінің 2-курс студенті

Көбірек

Әріптес жетістігі

2017 жылдың қыркүйек айының 11-16 күні аралығында Ақтөбе қаласында өткен «Ақ бидай» VI Республикалық ауыл спорты ойындарында Президенттік көпсайыс спорт түрі бойынша дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушысы Шыңғыс Төлеуов 3-орын алды. Сонымен қатар, «Ақ бидай» VI Республикалық ауыл спорты ойындарында шағын футболды жоғары дәрежеде ұйымдастырғандары үшін кәсіби-шығармашылық факультеті, дене шынықтыру

Көбірек

Универсиададағы жүлде

2017 жылдың  24-30 тамызы аралығында ҚХР Тайбэе қаласында өткен дүниежүзілік Универсиадада университеттің Кәсіби-шығармашылық факультеті «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4-курс студенті Кенжетаев Бағдат  ушу–саньда  спорт  түрінен  қола  медальды  иеленді. Бағдаттың бұл қола медалі сынға түсіп жатқан біздің еліміз үшін жетінші медалі болды. Бағдатты жеңісімен құттықтаймыз!

Көбірек

Қ.Жұбанов Университетінің ректоры Б.А.Ердембековтің Білім күніне арналған баяндамасы

Құрметті әріптестер, студенттер мен ата-аналар! Білім күні баршаңызға құтты болсын! 80 жылдам астам тарихы бар Жұбанов Университеті білім мен ғылымға ұмтылған жас жұбановшылар үшін өз есігін айқара ашты! Бүгін оқу ордамыздың білім алушылар қатары 4000 мыңдай жаңа буын студентпен толықты!  Оның ішінде 132 магистрант, 5 докторант және мыңдаған бакалавриат студенттері! Университет

Көбірек