Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > pressa (Страница 432)

Жұбанов университеті студенттері театрды таңдайды

Жұбанов университеті Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры фан клубымен бірге «Мен театрды таңдаймын» І-ші облыстық жобасы аясында екінші кездесуін ұйымдастырды. Бұл жолы студенттермен кездесуге театрдың көркемдік жетекшісі Данияр Базаркулов орыс труппасының актерлерімен бірге келді. Олар: Ольга Павлова, Валихан Кинжибаев, Руфина Ибрагимова - Кылосова, Максим Гузенко, Серафима Приставка келді. Кездесу шымылдығын дәстүр

Көбірек

Университет пікірсайысшылары турнир жеңімпаздары

Өткен сенбі күні Жұбанов университетінің жанынан құрылған «Ритор» зияткерлік пікірталас клубының ұйымдастыруымен «Нұр Отан» ауыспалы кубогіне арналған «Ел болашағы – Жастар» тақырыбында облыстық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирдің басты мақсаты: әр аймақтың жеңімпаз пікірсайысшыларын анықтау, бір ортаға жинақтау, тәжірибе алмасу, республика үздігін анықтау, патриоттық тәрбие беру, саналы ұрпақ қалыптастыру. Жарысқа 50-ге жуық

Көбірек

Доцент Меруерт Ерекешова — педагогикалық шеберлік республикалық байқауының жеңімпазы

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә Назарбаевтың «Төртінші индустриалды революция жағдайында жаңа даму мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында «Рухани Жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының ережелерін және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2012-2020 жылдарға арналган мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «БІЛІМ-ОБРАЗОВАНИЕ-EDUCATION» республикалық ғылыми-педагогикалық орталығы 2018 жылдың қазан айының 23-29 аралығында

Көбірек

Хабарландыру: «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы Ақтөбеде

Қор көрмесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасының көшпелі көрме жобасының басты оқиғасы болып табылады. Жоба аясында ауқымды ғылыми-білім беру және мәдени-ағарту шаралары, Ақтөбе облысы бойынша көшпелі экскурсиялар ұйымдастырылады. Елбасы кітапханасының қызметі тәжірибесінде «Жәдігерлер сөйлейді» топтамасынан көшпелі дәрістер, музей сабақтары, көшпелі экскурсиялар сынды мәдени-ағартушылық қызметтің ерекше түрлері белсенді қолданылып келеді. Олар

Көбірек

Алматылық ғалымдар Абайды тануда келелі кеңестер айтып, тілді жаңа бағытта зерттеуге шақырды

8 қараша күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығында әдебиеттанушы, филология ғылымының докторы, профессор Зинол-Ғабден Қабиұлы Бисенғали және А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты "Лексикология" бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Жамал Айтқалиқызы Манкеевамен кездесу өтті. Кездесуге ғалымдардың шәкірттері – филология факультетінің деканы Күлзат Садирова, "Қазақ әдебиеті мен

Көбірек

Филфак командасы — ЖОО-аралық студенттік олимпиада жеңімпазы

2018 жылдың 9 қарашасында филология факультетінің "Орыс тілі мен әдебиеті" және "Филология: орыс филологиясы" мамандықтарының 1 және 2 курс студенттері Мәскеу қаласының туған күніне арналған І аймақтық жоғары оқу орындары арасындағы Олимпиаданың екінші турына қатысты. Олимпиада Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің базасында "Русский мир" қорымен ұйымдастырылды. Олимпиаданың бірінші (сырттай) туры 2018 жылдың қазан

Көбірек

Хабарландыру

Математиканы оқыту әдістемесі бойынша ғылыми зерттеудің әдіснамасы» тақырыбындағы авторлық семинар Әр ай сайын «Математика» кафедрасында «Математиканы оқыту әдістемесі бойынша ғылыми зерттеудің әдіснамасы» тақырыбы төңірегінде п.ғ.д., профессор Ә.К. Қағазбаеваның авторлық семинары өтіп отырады. Семинардың мақсаты: Математиканы оқыту әдістемесі бойынша ғылыми зерттеудің ерекшеліктерін зерделеу. Ескерту: Семинарды өткізу барысында екінші мәселе ретінде мектепте және жоғары оқу

Көбірек

5 мыңнан астам студент ресми түрде студенттер қатарына қабылданды

Жұбанов университетінің Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті ұйымдастырған 1-курс студенттерін студент қатарына қабылдауға арналған мерекелік шараға Жұбанов университетінің ректоры Б.А.Ердембеков, университет ректорының кеңесшісі К.В.Цхай, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Н.Ж.Күнтуов, университеттің профессор-оқытушылық құрамы және студенттер қатысты. Концерттік шара абитуренттердің алғаш қалаға келуі туралы қойылымымен басталды. Университеттің 2-курс студенттерінен құралған

Көбірек

Бүгін 5 мыңнан астам студент ресми түрде студенттер қатарына қабылданды

          Жұбанов университетінің Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті ұйымдастырған 1-курс студенттерін студент қатарына қабылдауға арналған мерекелік шараға Жұбанов университетінің ректоры Б.А.Ердембеков, университет ректорының кеңесшісі К.В.Цхай, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Н.Ж.Кунтуов, университеттің профессор-оқытушылық құрамы және студенттер қатысты. Концерттік шара абитуренттердің алғаш қалаға келуі туралы қойылымымен

Көбірек