Пятница, Март 29, 2024
Басты > pressa (Страница 448)

Мақсатты кездесу мазмұнды өтті

Бүгін Жұбанов университетінің ректоры, профессор Бауыржан Аманкелдіұлы Ердембеков  жаратылыстану факультетінің 1-курс студенттерімен кездесу жиынын өткізді.  Биыл бұл факультетке 288 студент оқуға түсті, оның 8-і шетелдік жастар. Сондай-ақ, олардың 138-і мемлекеттік, 10-ы облыс әкімі Б.Сапарбаевтың білім грантының иегерлері. Кездесудің мақсаты – студенттерді университеттегі білім жүйесімен, жастардың ізденістері мен шығармашылығын дамыту бағытындағы алдағы

Көбірек

Студенттік өмірге алғашқы қадам ректормен бірге

Бүгін университет ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков кәсіби-шығармашылық факультетінің 1-курс студенттерімен кездесті. Кездесуде университет басшысы студенттерге оқу орнының ішкі тәртібі мен негізгі ережелерін түсіндіре отырып, университет қабырғасында және одан тыс жерде қоғамдық тәртіп сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Ректор сөз арасында кейде конфликтік жағдайларға себепкер болатын діни көзқарас мәселелеріне де тоқталды. Жастардың

Көбірек

Ректордың 1-курс студенттерімен кездесу апталығы басталды

Жаңа оқу жылының басында Жұбанов университетінің ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков толғандырған сұрақтарына жауап беру үшін 1-курс студенттерімен дәстүрлі түрде кездеседі. Бүгін осындай кездесулер филология, физика-математика факультеттерінде, сондай-ақ экономика және құқық факультетінде өтті. Кездесуге арнайы шақырылған қонақтар – аймақтың және қаланың түрлі басқармалары мен департаменттерінің басшылары қатысып, сөз сөйледі. Университет табалдырығын алғаш аттаған студенттердің

Көбірек

Жаңа оқу жылында Ресейлік жоғары оқу орындарымен академиялық ұтқырлық бағдарламасы жалғасады

Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен Набережные Челны мемлекеттік педагогикалық университеті  арасындағы ынтымақтастық келісімнің негізінде «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс студенттері  серіктес университетте педагогикалық дағдыларын қалыптастыратын семестрлік  оқудан өтеді. Набережные Челны мемлекеттік педагогикалық университеті (NGPU) – заманауи  ғылыми-әдістемелік базасымен

Көбірек

Жұбанов университетінің шетелдік студенттер назарына!

Құрметті студенттер! Халықаралық ынтымақтастық орталығы шетелдік азаматтарды тіркеу бес (5) күн ішінде жүзеге асырылатынын хабарлайды. Тұру/ келу орнына тіркелу үшін Халықаралық ынтымақтастық орталығына хабарласыңыз (Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің бас ғимараты, 3 қабат) және келесі құжаттарды тапсыру қажет: 1.Түйіндеме 2.Паспорттың көшірмесі 3.Көші-қон карточкасының көшірмесі 4.Уақытша тіркеу туралы куәліктің көшірмесі 5.Медициналық тексерудің көшірмесі 6.Оқу орнынан алынған анықтама 7.Мекен-жай анықтамасы 8.3x4 фото суреттері -

Көбірек

Поляк тілінің курстары

Халықаралық ынтымақтастық орталығы «Святло» поляк этномәдени бірлестігімен поляк тілінің ақысыз курстарына қабылдау басталғанын хабарлайды. Сабақтарды Польша Республикасынан шақырылған филолог лингвист жүргізеді. Поляк тілін үйрену студенттерге Польшаның жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып халықаралық академиялық ұтқырлық және қос дипломдық білім беру бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік береді. Жазылу телефоны: 8-705-984-52-55, Цибульская Елена Васильевна.

Көбірек

Жастармен жұмыс — бірінші орында

Облыстық комиссия «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалуына жауапты мемлекеттік органдардың жұмысын бағамдады. Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына қатысты құрылған комиссияның отырысы облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің төрағалығымен өтті. Оған мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Ал аудан әкімдері отырысқа онлайн-режимде қатысып отырды. — Өткен жылы облыста бағдарламаны іске асыру мақсатында үлкен жұмыстар атқарылып, бұл еңбек Үкімет

Көбірек

Жарқамыс орта мектебінде «Қазақ әдебиеті» кафедрасының филиалы ашылады

Байғанин ауданының 90 жылдық мерейтойына Жұбанов университеті делегациясын бастап барған университеттің оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Бибігүл Әбенова Жарқамыс орта мектебіне барып, мектеп әкімшілігімен «Қазақ әдебиеті» кафедрасын филиалын құру туралы екіжақты келісімге қол қойды. Жарқамыс орта мектебінің 90 жылдық тарихы бар,  елімізге есімдері елге белгілі ақын-жазушылар, ғалым-қайраткерлер Назарбай Блиев, Бәкір

Көбірек