Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > pressa (Страница 449)

Ақтөбе Өтежанның 80 жылдығын тойлауды бастап кетті

Қазақ поэзиясының классигі, көрнекті ақын Өтежан Нұрғалиев 1938 жылы 15 тамызда Ақтөбе облысының Байғанин ауданында дүниеге келген. 1964 жылы журналистика факультетін бітірген Өтежан мектепте мұғалім, «Қазақстан пионері» және «Қазақ әдебиеті» газеттерінде тілші, «Жалын» баспасында редактор болып қызмет атқарған. Қазақ телевизиясында ұзақ жылдар жемісті жұмыс істеген. Алпысыншы жылдары әдебиетке жаңа леп, жаңа екпін

Көбірек

«Руханият» ғылыми үйірмесі өз жұмысын бастады

Жұбанов университетінің «Жұбановтану» ғылыми-зерттеу орталығы жанынан "Руханият" ғылыми үйірмесі құрылды. Бүгінгі заман талаптарына жаңашылдықпен үн қосатын, білім мен ғылымға жаны құштар, көкірегі ояу, көңілі от жалын жастар бас қосқан бұл үйірменің құрамында ізденімпаз, талапты мектеп оқушылары да бар. Басты мақсат - рухани сананы жаңғырту, болашаққа батыл қадам басатын білікті жас ұрпақты тəрбиелеу.

Көбірек

Әкім Таразидің мерейтойына университет оқытушылары да қатысты

Астанадағы Қазақ Ұлттық өнер университетінде көрнекті жазушы-драматург, көптеген фильмдердің авторы Әкім Үртайұлы Таразидің 85 жылдығына арналған мерейтойы өтті. Мерейтой іс-шарасының алғашқы күні көрнекті өнер иесін құттықтау рәсімімен басталды. Оған республика министрліктері мен қоғамдық ұйымдар, Қазақстан жазушылар одағы мен жоғары мектеп өкілдері қатысты. Университет атынан ректор Б.А Ердембековтің  құттықтау хатын мерейтойға арнайы

Көбірек

«Өз ұстазыңды құттықта!»

"Өз ұстазыңды құттықта!" бұл Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттері ұйымдастырған акцияның атауы. Мұндағы мақсат-мұғалімдік кәсіптің мерейін асырып, ұстаздарды құрметтеуге шақыру. Ақтөбеде "Өз ұстазыңды құттықта" атты акция өтіп жатыр. Студенттер қоғамдық көліктерге мініп, ондағы жолаушыларға арнайы үнпарақтар таратуда. Шараның өтуіне Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттері ұйытқы болып отыр.

Көбірек

Хабарландыру!

Жұбанов университетінің ғылыми кітапханасы мен «Бейнелеу өнері, кәсіптік және музыкалық білім» кафедрасының бірлесіп ұйымдастыруымен өтетін «Абай - дана, Абай - дара қазақта» тақырыбындағы музыкалық-поэтикалық кешіне шақырады. Өткізілетін орны: кітапхананың оқу залы (бас ғимарат). Өткізілетін уақыты: 2018 жылы 27 қыркүйек, сағ. 15-00.

Көбірек

Физика-математика факультетінде «АПРО» ЖШС бірлескен семинар өтті

Аталмыш семинарды Жұбанов университеті физика-математика факультеті "Информатика және ақпараттық технологиялар" кафедрасы "АПРО" ЖШС-мен біргелікте ұйымдастырған болатын. Жоғары санатты IT-мамандары бар бұл компания Ақтөбе қаласындағы ақпаратты технологиялар нарығының үздігі болып табылады. "АПРО" компаниясының мамандары Галия Кирейчева мен Жазира Нұрыллаева «SQL-ға кіріспе» тақырыбында семинар өткізді. Семинар спикерлерінің айтуынша "SQL - бұл құрылымдық сұранымдар тілінің қысқартылған атауы,

Көбірек

Жұбанов университетінде тілдер фестивалі өтті

Бүгін Студенттер сарайында Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай Жұбанов университетінің шетел тілдері факультетінің ұйымдастыруымен  «Тіл-ұлт тірегі» тақырыбында тілдер фестивалі өткізілді. Фестиваль алдында бас оқу ғимаратының алаңында түрлі ұлттық тағамдардың көрмесі ұйымдастырылды. Фестивалді университет ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков құттықтау сөзімен ашты.  «Тілдер мерекесін тойлауды  5-ші қыркүйекке белгілеу жайдан жай емес. Бұл күні қазақтың біртуар перзенті Ахмет Байтұрсынұлы

Көбірек