Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар (Страница 468)

Жұбанов университетінің оқытушылары кәсіпкерлік білімді жетілдіретін тренингке қатысуда  

Бүгін Жұбанов университетінде ректор Бауыржан Ердембеков, бірінші проректор Қуанышбек Шүңкеевтің және факультет декандары мен профессор-оқытушыларының қатысуымен «Кәсіпкерлік білімнің экожүйесі» жобасының аясында кәсіпкерлік білім бойынша стратегиялық сессиясы өтіп жатыр. Тренингті Almaty Management University-дің кәсіпкерлікті дамыту орталығының директоры Ксения Южанинова және бизнес-тренер, менеджмент пситхологиясы және ұйымдастырушылық тиімділігі саласының эксперті  Ерлан Мұстафин жүргізуде. Кездесу барысында университет ректоры

Көбірек

Студенттер Түркиядан білімдерін шыңдап келді

Бүгін Жұбанов университетінің ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков  халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркия Республикасының Сакария университетінде семестрлік білім алып келген 14 студентпен және «Мәулана» бағдарламасы бойынша Түркия Республикасына оқуға жіберіліп отырған студенттермен кездесті. Шараға университеттің халықаралық ынтымақтастық орталығының директоры Гүлжан Шоқым, түрік тілін оқыту орталығының оқытушылары Рокхман Өксуз, Гокхан Гюль қатысты. «Біздің университетіміздің

Көбірек

«100 жаңа оқулық» жобасы бойынша баспадан шыққан қазақ тіліндегі алғашқы 17 оқулықтың таныстырылымы өтті

  Талқылау басталғанға дейін алғашқы 17 кітап Жұбанов университетінің ғылыми кітапханасымен ұйымдастырған көрмеде таныстырылды. Ақтөбе облысының ішкі саясат бөлімі және облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесімен бірлесіп өткізіліп отырған бүгінігі шарада университет э.ғ.д, профессор Бауыржан Жүнусов, ф.ғ.д, профессор Күлзат Садирова, психлогия ғылымының PhD докторы Жания Ахметова кітаптарды мемлекеттік тілге аудару туралы өз пікірлерін

Көбірек

Кәсіптік бағдарлау жұмыстары жалғасуда

Бүгін Жұбанов университетінің Экономика және құқық факультетінің доценті Татьяна Алимпиева және аға оқытушысы Еркебулан Молдабеков Ақтөбе кооперативтік колледжінде кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізді. Іс-шараға колледждің күндізгі және сырттай бөлімдерінің «Құқықтану» және «Экономика» мамандықтарының 2-3 студенттері қатысты. Колледж студенттері университетке түсу шарттары, жатақханамен қамтамасыз ету және оқу ақысы туралы ақпараттар алды. Оларды Жұбанов

Көбірек

Мәңгілікке қашалған мәртебелі жеңіс

Сәкен СЫБАНБАЙ Жақында еліміздің оңтүстігінде бірнеше елеулі іс-шара ұйымдастырылды. Алдымен Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың қазақ қоғамына ерекше  серпіліс әкеліп, рухани сілкініс тудырған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жариялан­ғанына бір жыл толуына орай Оңтүстік Қазақстан облысында осы бағытта қандай жұмыстар атқарылғаны жөнінде келелі кеңес өтті. Бұл басқосу «Ұлт тарихындағы Орбұлақ шайқасы:

Көбірек

Жұбанов университеті емхансының дәрігерлері менингокок инфекциясының алдын алу шаралары жөнінде ескертеді  

  Алматы облысында менингокок инфекциясының белең алуына байланысты дәрігерлер бас ауруы, тамақ-мұрынның кебуі, дене қызуының көтерілуі сияқты аурудың белгілер пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгінуге шақырады. Жұбанов университеті емханасының меңгерушісі Жұмагүл Жұмағазинаның айтуынша: «Менингокок инфекциясы – бұл менингокок таяқшасы қоздыратын, ауа-тамшы жолымен (жөтелген, түшкірген, сөйлескен кезде) берілетін жұқпалы ауру. Аурудың

Көбірек

ҰБТ-ның форматы

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ- жоғары оқу орындарына түсу емтиханы. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау Білім алушыларды қорытынды  аттестаттау - тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін,  олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім. Өткізу формасы: мектеп бітіру емтихандары. Өткізілетін орны: түлек оқитын мектеп

Көбірек

Университет студенттері бизнес-жоспарларын ұсынды

Бүгін Жұбанов университетінде  республикалық "Startup Bolashak - Менің арманым" стартап-жобалар байқауының ширек финалына қатысатын университет командалары жобаларының таныстырылымы өтті. Шараға университеттің  ғылыми-инновациялық бағдарламалар департаментінің директоры Берікхан Иісбекұлы, менторлар -"Ма-Consalt" агенттігінің директоры Марат Көпбергенов,  "Craft" жиһаз студиясының негізін қалаушы Берік Құрмашов және "Цеснабанк" Ақтөбе филиалының өкілдері қатысты. Шырайгүл өсіру, дефектолог-логопед мамандарға арналған оқу құралы, дұрыс тамақтану кафесі жөніндегі

Көбірек

Қабылдау комиссиясының жұмысы басталды

  Бүгін Жұбанов университетінің Студенттер сарайында университет ректоры Бауыржан Ердембеков  қабылдау комиссиясының ресми жұмысын бастауына өз тілегін білдіріп, бірінші проректор Қуанышбек Шүңкеевпен бірге қызыл лентаны қиды. Жұбанов университетінің болашақ студенттері қабылдау комиссиясының жұмысының алғашқы күнінен бастап ақпараттар алу үшін, сондай-ақ талап етілетін мамандықтарға құжаттарды тапсыруға асықты. Университетке алғашқылардың бірі болып құжат тапсырған талапкер

Көбірек