Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > pressa (Страница 485)

«Полиглот» студенттік клубы У.Шекспирдің туған күнін атап өтті

Кеше  шетел тілдері факультетінде «Полиглот» студенттік клубының кезектен тыс отырысы өтті. Бұл жолғы отырыс ұлы ағылшын ақыны және драматургы Уильям Шекспирдің туылған күніне арналды. У.Шекспирді әлемдік әдебиет қауымдастығы заманауи ағылшын тілі негізін қалаушы ретінде таниды. Клуб мүшелері Шекспирдің өмірі мен шығармашылығы жөнінде ақпарат қарап, Шекспир сонеттерін түпнұсқада көркемдеп оқып, қазіргі

Көбірек

Түлектерге арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті

Биыл Жұбанов университетінің  техникалық  факультетінің 6 мамандығы бойынша 400-ден астам түлек бітіреді. Соған орай, факультет түлектеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде 15-ке жуық кәсіпорындар мен өндіріс орындарының өкілдері бос орындарын түлектер назарына  ұсынды. Олардың ішінде атап айтатын болсақ,  «Ақтөбе ферроқорытпа зауыты», «СНПС-АТК» ЖШС, Ақтөбе техникалық колледжі, Халықты жұмыспен қамту орталығы,

Көбірек

Жұбанов университетінің Ғылыми кітапханасында ақын Гүлсамал Аймаханқызының жаңа кітабының тұсауы кесілді

Жергілікті ақын, сазгер, ҚР Жазушылар одағының және ҚР журналистер одағының мүшесі Гүлсамал Аймаханқызымен кездесу өтті. Кездесуге  27 мектеп–лицейінің 9,11 сынып оқушылары және ұстаздары,  университеттің  «Қазақ әдебиеті» кафедрасының оқытушылары, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3-курс студенттері қатысты. Кеш барысында ақынның өлеңдері оқылып, «Ақтөбенің шамдары» әні шырқалды. Сондай-ақ, кездесуде ақынның «Ғарышнама» кітабының тұсаукесері

Көбірек

Поляк профессоры А.Скалий қос дипломдық білім туралы түсіндірді

Бүгін Халықаралық ынтымақтастық орталығының ұйымдастыруымен Польшаның Экономика университетінің профессоры А.Скалийдің Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесуі өтті. Поляк профессоры академиялық ұтқырлық және қосдипломдық бағдарлама туралы студенттерге толық ақпарат беріп, шетелде білім алудың артықшылықтарын сөз етті. «Қазіргі кезде жастардың білім алуларына мүмкіндік зор. Әсіресе шетелде оқу халықаралық деңгейдегі білім мен

Көбірек

«ZHASPROJECT» жобасы кәсіп бастауға үлкен мүмкіндік

"Жас ПРОДЖЕКТ" жастар корпусын дамыту жобасы биыл елімізде екінші рет жүзеге асқалы отыр. Былтыр 5 өңірдің жастарына кәсіп ашуға мүмкіндік берген жоба ұйымдастырушылары биыл Қазақстанның 6 аймағын қамтымақ. Осы жылы қатарға біздің өңір де қосылды. Астанадан келген мамандар жобаны бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттеріне түсіндірді. Қоғамның әлсіз

Көбірек

Ертеңгі күннің көшбасшылары Жұбанов университетінде қалыптасады

  Бұл туралы бүгін ректор Бауыржан Ердембеков Жұбанов университетінде оқып жатқан шетелдік студенттермен және шетелде білім алып келген студенттермен кездесуінде мәлімдеді. Кездесуде Бауыржан Аманкелдіұлы: «Сіздер «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан» жастарсыздар. Менің арманым – университетімізден ертеңгі күннің көшбасшыларын қалыптастырып шығару. Біздің жастық шағымызда мұндай мүмкіндік болған жоқ. Сондықтан терең білім алып, қоғамның

Көбірек

«Ұйқысыз өнер» жас суретшілер үштігінің көрмесі ашылды

  Жұбанов университетінің «Дизайн» мамандығының 3 студентінен құрылған суретшілер өз тобын "INSOMNIA ART" ( Ұйқысыз өнер) деп атапты.  Гүлсезім Суниятова, Айдана Орынова,  Султан Канатов Ақтөбе қаласының жұртшылығы назарына 67 үздік жұмыстарын ұсынып отыр. Жас суретшілердің жеке көрмесі бүгін облыстық өнер музейінің суреттер галереясында салтанатты түрде ашылды. Топ басшысы Гүлсезім биыл университеттегі

Көбірек

Полиция подполковнигі мансап жетістіктерімен бөлісті

Бүгін  «Табысты адамдармен кездесу» аясында «орыс тілі мен әдебиеті», «орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» және «орыс филологиясы» мамандығының 1 курс студенттері Ақтөбе облысы ІІД қылмыстық полиция бөлімінің басшысы Амандыков Бауыржан Кәрібаевичпен кездесті. Кездесу барысында Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ филология факультетінің түлегі «Жетістік факторлары» тақырыбында дәріс оқып, студенттік өмірінің қызықтары,

Көбірек