Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > БАҚ біз туралы (Страница 84)

Тоғызқұмалақтан турнир өтті

Университетте жастар арасында тоғызқұмалақтан ашық турнир өтті. Оған өңірдегі жоғары оқу орындарынан 7 команда қатысты. Ойыншылар сайысқа дайындықпен келген. Арасында спорт шеберлері де бар. Мұндай жарыстарда қарсыластарына есе жібермейтін Азамат Қайдаров 4-ші кластан бастап ұлттық ойнауға әуестенген. Бүгінде халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Күніне 3 сағат тоғызқұмалақ ойнап, ақыл-ойын шыңдайды. Құдайберген Жұбанов

Көбірек

Қазақтың темірқазығы

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы мерейтойы аясында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті тарих факультетінің география және туризм кафедрасының ұйымдастыруымен «Абай — қазақтың темірқазығы» атты шара өтті. Гүлнұр Шумақованың жетекшілігімен өткен шараға география-тарих мамандығында оқитын бірінші, екінші курс студенттері қатысты. Шараға қатысушылар әуелі тақырып аясында әзірленген слайдты тамашалап, Абай еңбектерінен құралған кітап

Көбірек

Мәртөк ауданы жастарды шақырады

Мәртөк ауданының әкімі Ермек Кенжеханұлы биылғы түлектерді ауылға қызмет етуге шақырып жатыр. Бүгін ол Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ-нің алаңында қаладағы ЖОО-дары мен колледждерінің соңғы курстарында оқып жатқан студенттермен кездесті. Залды толтырып отырған бұл жастар 3-4 айдан кейін қолдарына диплом алады. Барлығының да мақсаты бірден жұмысқа орналасып кету. Сондықтан бүгінгідей кездесулерді

Көбірек

Университет ұжымы театрға барды

Құдайберген Жұбанов атындағы университет "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" премьерасын ұжым болып тамашалады. Бұл жоғарғы оқу орны биыл 85 жылдық мерейтойды атап өтіп жатыр. Жоспарға сәйкес театр күніне арнап қос ғашықтың хикаясын тамашалады. Айта кетейік, қойылымға Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Әбдіқадыров режиссерлік еткен болатын.   http://aktobetv.kz/kz/news/society/universitet-uzhymy-premeraga-bardy

Көбірек

Күлзат

Күлзат Садирова — бақытты ана, аяулы жар, ұлағатты ұстаз, ұлтжанды ғалым. Ол өзі білім алған Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде еңбек жолын бастады. Содан бері арада 27 жыл өтті. Осы жылдар аралығында кейіпкеріміз қазақ филологиясының дамуына мол үлес қосты. 27 жасында кандидаттық диссертациясын қорғаған ол қазір филология ғылымдарының докторы,

Көбірек

Жұмыс өтілі ретінде есептеледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қала­сындағы ЭКСПО орта­лығы павильонында ел өңір­лерінен келген волонтер жастар делегацияларымен кездесу кезінде оларды толғандырып жүрген екі мәселенің кілтін қолдарына ұстатты. Айталық бұған дейінгі кезде волонтерлік қыз­метпен айналысушылар арасында еңбек өтілінің жай-күйі қалай болар екен деген екі-ұшты ойда жүр­гендер жиі кездесіп қа­латын. Сөз жоқ, олардың бұл алаңдаушылығы

Көбірек

Экологиялық тәрбие — уақыт талабы

Конференция 28 ақпан — «Невада-Семей» қозғалысының құрылған күні. Соған орай Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Таза табиғат пен ядролық қарусыздандыруға» атты аймақтық ғылыми конференция өтті. Конференцияға Атырау, Орал, Маңғыстау облыстарынан  «Невада-Семей» қозғалысының Батыс Қазақстан аймағы филиалының  өкілдері келді. Семей полигонында болған облыстағы ардагерлер мен қоғам белсенділері шақырылып, жаратылыстану факультетінің оқытушылары мен

Көбірек

85 жылдыққа – 85 білім гранты

Кәсіби бағдар беру — әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығушылығын қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмегін көрсететін жұмыс. Ал, мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі. Мамандық таңдау – адам өміріндегі алдағы болашағын айқындайтын, үлкен өмірге аяқ басатын маңызды қадамдарының бірі. Алайда, алтын ұя мектебінің қабырғасынан ұшатын түлек

Көбірек

Конференция қонақтары студенттермен жүздесті

Ақтөбеде өткен «Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы және оның мемлекет пен қоғам дамуындағы маңызы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына арнайы келген қонақтар Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде болып, студент жастармен кездесті. Кездесу барысында еліміз тәуелсіздік алған жылдары ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі, Әділет министрі, Премьер-министрдің орынбасары қызметтерін атқарып, Қазақстандағы құқықтық

Көбірек