Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Қазақстан Республикасы Президент атындағы стипендияға құжаттар қабылдайды.
Қажетті құжаттар SMART ARSU мобильдік қосымшасы арқылы 2024 жылдың 4-12 шілде аралығында қабылданады.
Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережесі:
- Стипендия күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге 3-курстан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) оқитын студенттерге беріледі.
- Стипендия білім алушылардың мынадай санаттарына тағайындалады:
1) республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалық авторлары;
2) ғылыми еңбек жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар;
3) табыстары дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатындар;
4) білім беру ұйымының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласатындар.
- Стипендия ғылыми кеңестің шешімі негізінде жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен жүзеге асырылады.
- Стипендия бір академиялық кезеңге тағайындалады.
- Стипендия жоғары оқу орнының ғылыми кеңесінің шешіміне сәйкес бір тұлғаға бірнеше рет берілуі мүмкін.
- Стипендияларды тағайындау кезінде үміткерлерді іріктеу осы Ереженің 1,2 тармақтарында жазылған өлшемдер тәртібінде жүзеге асырылады. Тең жағдайда басымдық:
— жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
— бала жасынан мүгедектерге, мүгедек балаларға беріледі.
Қажетті құжаттар:
— транскрипт;
— грамоталар, сертификаттар, т.б.;
— жеке куәлігінің көшірмесі.