Понедельник, Июль 8, 2024
Басты > Ғылым мен инновациялар > Zhubanov university командасы — жыл инноваторы

Zhubanov university командасы — жыл инноваторы

Жақында Астана халықаралық университетінің EXPO Campus-та өткен Astana meet Up 2024 шарасында Жұбанов университетінің командасы «Жыл инноваторы» номинациясымен марапатталды.

«Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасы аясында ұйымдастырылған іс — шараға Қазақстанның түрлі өңірлерінен 90 қатысушы жиналды. Олардың қатарында «Smart Lab», «Tabys Business Challenge», «Champions Day» және «Кемел кәсіпкер»конкурстарының жеңімпаздары бар.

Astana Meet Up – бұл жаңа құзыреттерді дамытуға, идеялармен алмасуға және соңғы трендтерді талқылауға арналған тұтас платформа. Алаңда сарапшылар бизнес құрудағы тәжірибелерімен бөліседі. Сондай-ақ қатысушылар бірлескен жобалар үшін серіктестер табу, жаңа жетістіктерге жету, soft skills, яғни коммуникация, командалық білім, сыни ойлау, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алады.