Пятница, Июль 5, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің спортшылары Тоғызқұмалақтан өткен чемпионатта жеңімпаз атанды

Жұбанов университетінің спортшылары Тоғызқұмалақтан өткен чемпионатта жеңімпаз атанды

Ақтау қаласында Тоғызқұмалақтан ерлер және әйелдер арасында классика және блиц түрінен Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты өтті.

Аталған чемпионатқа 180-ге жуық спортшы қатысты.
Жарыс нәтижесі бойынша классика түрінен Ақтөбе облысының ерлер командасы бірінші орынды иеленді. Команда құрамында Жұбанов университетінің «Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі» кафедрасының оқытушысы Азамат Қайдаров және «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 курс студенттері Диас Жанбау мен Алмас Тілегенов жеңімпаз атанды.

Спортшыларымызды жеңісімен құттықтаймыз!