Вторник, Апрель 30, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Өңірді дамыту драйвері”: оқушылар ғылыми жобаларын ұсынды

«Өңірді дамыту драйвері”: оқушылар ғылыми жобаларын ұсынды

Жұбанов университетінде ғылым айы аясында 7-11 сынып оқушыларына арналған «Өңірді дамыту драйверлері» ғылыми және кәсіпкерлік жобалар байқауы өтті.

Байқау төрт бағытта, атап айтқанда, өңірдегі тіл, тарих және география мәселелерімен қатар өңір экономикасы мен кәсіпкерлік саласы, цифрландыру және ІТ дамыту, өңір экологиясы, жаратылыстану ғылымдары секциялары бойынша өтті.

Онлайн және офлайн форматта өткен байқауда барлығы 49 ғылыми жоба қорғалды. Оқушылар Ақтөбе қаласының лингвистикалық ландшафты, Ақтөбе архив тарихындағы өзекті мәселелер, Ақтөбе облысындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау шаралары, қоршаған ортадағы өндірістің экономикалық маңызы, өңірді цифрландыру, өңірдегі су тасқынына байланысты мәселені шешу жолдары секілді маңызды тақырыптарда мазмұнды әрі қызықты жобаларды таныстырды. Сонымен қатар жас ізденушілер күн энергиясын смартфонмен бақылау, Алиса-ақылды үй, GPS сағаты, өрмекші роботтың жасалуы мен пайдасы, тас диірменге сақталған сыр, қой жүнін құрылыста жабынды материал ретінде қолдану мәселелеріне талдау жасады.

Байқау қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті.
Үздік жобалардың авторлары 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен және конкурсқа қатысушылар грамоталармен марапатталды.