Понедельник, Июль 8, 2024
Басты > Білім > Zhubanov university еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының көрмесіне қатысты

Zhubanov university еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының көрмесіне қатысты

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен 16-17 мамыр аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті базасында еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының көрмесі өтуде.

Талапкерлерге арналған көрмеде еліміздің 40-тан астам жоғары оқу орындарынан келген өкілдер өздерінің оқу орны бойынша бағдарламаларын, жатақхана мәселесі және батыс өңірлері жастарына арналған нысаналы білім беру гранттары туралы ақпараттар берді.

Көрмеге Жұбанов университетінен Мансап және кәсіптік бағдарлау департаментінің директоры Әміре Жұмағазиев қатысты.
— Мектеп бітіруші түлектерге Жұбанов университетінің білім беру бағдарламалары, Heriot-Watt университетінің филиалына оқуға түсу мүмкіндіктері, шығармашылық мамандықтар жайында толық ақпарат берілді. Сондай-ақ, оқу орнының мерчтері, мамандықтар туралы ақпараттар жазылған парақшалар таратылды. Көрмеге қатысушылар әсіресе, Heriot-Watt университетіне қызығушылық танытты, — дейді ол.