Пятница, Июль 5, 2024
Басты > Жастар саясаты > Жұбанов университетінде «Жұбанов CUP VI» республикалық пікірталас турнирі өтті

Жұбанов университетінде «Жұбанов CUP VI» республикалық пікірталас турнирі өтті

Турнир Қ.Жұбановтың 125 жылдығына орай «Заман біздікі» Интеллектуалды элиталар одағының ұйымдастыруымен өткізілді.

Американдық-парламенттік және Линкольн-Дуглас форматтарында өткен ойынға республиканың түкпір-түкпірінен 14-35 жас аралығындағы 34 фракция, 68 спикер қатысты. Пікірсайысшылар Алматы, Атырау, Ақтау, Қостанай және Хромтау қалаларынан келді.

Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Еркін Тастанқұлов сайыстың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан еліміздің әр өңірінен келген жастарға алғысын білдірді.

Турнир нәтижесі бойынша “Матадор» фракциясы (NARXOZ University) бірінші орынды иеленді. Екінші орын “Хромтау” фракциясына, ал үшінші орын «Железные леди” фракциясының (SDU/NARXOZ University) еншісіне бұйырды. Бұдан бөлек үздік ойын көрсеткен пікірсайысшылар «Турнирдің ең үздік спикері», «Үздік спикер», «Турнирдің үздік төрешісі», «Үздік гид» номинацияларымен марапатталды.