Понедельник, Июль 8, 2024
Басты > Хабарландырулар > ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті білім алушылар, сізден абай болуыңызды сұраймыз, өйткені сіздерге босаған грантқа ауыстыру мүмкіндігі туралы жалған ақпарат таратылауда!!!

Босаған білім беру гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ақылы негізде білім алушыларға қатаң конкурстық негізде беріледі. Конкурс аралық аттестаттау нәтижелері бойынша үлгерімнің орташа балы (GPA) негізінде өткізіледі. Яғни, ең жоғары GPA көрсеткіші бар білім алушы, босаған білім беру грантының білім алушылары арасында басты үміткер болып табылады. Ашық конкурс туралы хабарландыру білім беру бағдарламаларының тобы және курсы бойынша босаған білім беру гранттарының санын көрсете отырып университет сайтына және әлеуметтік желідегі парақшаларына орналастырылады.

Сізден алаяқтардың алдауына түсіп қалмай, абай болуларыңызды және ондай жағдайда университеттегі комплаенс қызметіне жүгінуіңізді сұраймыз!!!

8 707 737 1935