Четверг, Май 2, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті «Аналар үйімен» меморандумға қол қойды

Жұбанов университеті «Аналар үйімен» меморандумға қол қойды

Өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдер үшін қоғамның қолдауы ерекше маңызды. Жұбанов университетінің ұжымы өзінің әлеуметтік жауапкершілігін сезіне отырып, өмірлік қиын жағдайға тап болған жандарға көмектесуге өз үлесін қосуды ұйғарды.

«Аналар үйі» дағдарыс орталығымен жасалған меморандум ақысыз негізде әйелдерді қолдау үшін білім беру және психологиялық ресурстармен қамтамасыз етуге бағытталған. Келісім шеңберінде енгізілген негізгі бастамалардың бірі — қысқа мерзімді білім беру курстары.

Арнайы әзірленген бағдарлама негізінде дағдарыс орталығындағы әйелдер жаңа білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік алады.

Қазіргі уақытта әйелдер Жұбанов университетіндегі тігін цехының тәжірибелі шебері Гүлнұр Кенжеғалиева өткізетін тігін курсына қатысып жүр. Білім беру курстарынан бөлек университеттің бітіруші түлектеріне дағдарыс орталығындағы кәсіби психологтардың жетекшілігімен тәжірибеден өтіп, алдағы уақытта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері қарастырылған.
Университеттің тәжірибелі психологтары әрқашан эмоционалдық қиындықтарды жеңуге және дағдарыстан шығуға көмек көрсетуге әзір.

Бір айлық тігін курсын аяқтағаннан кейін қатысушылар жаңа дағдыларға ие болып қана қоймай, өз бетінше табыс таба алады. Алған білімдері оларға қаржылық тәуелсіздікке ие болуға көмектеседі.

Университет пен «Аналар үйі» дағдарыс орталығы арасындағы ынтымақтастық өзара көмек пен қоғам құрудың маңыздылығын көрсетеді. Мұнда әркім көмекке мұқтаж жандарды қолдауға өз үлесін қосады. Бұл бастама білім мен әлеуметтік жауапкершілікті қоғам игілігі үшін қалай біріктіруге болатындығының айқын көрінісі.