Пятница, Июль 5, 2024
Басты > Жастар саясаты > Zhubanov University үздік студенттері марапатталды

Zhubanov University үздік студенттері марапатталды

Бүгін Жұбанов университетінде «Жұбанов үздігі-2024» қорытынды кеші өтті.

Қорытынды кеште университеттің оң имиджін қалыптастыруда және жастар саясатының дамуына үлес қосып жүрген белсенді студенттер әртүрлі номинациялар бойынша марапатталып, облыс әкімінің және ректордың, әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті атынан алғыс хатқа ие болды.

Басқарма төрағасы-Ректор Лаура Қарабасова университеттің үш жылда жеткен үлкен жетістіктеріне тоқталып, бұл нәтижелерге қол жеткізуде белсенді жастардың үлесі айрықша екенін атап өтті.
— Қазір біздің арамызда осы уақытқа дейін Жұбанов университетінің мәртебесін арттыруда тынымсыз еңбек еткен ең белсенді, ең талантты студенттеріміз отыр. Үш жыл бойы кезең-кезеңімен атқарылған нәтижелі жұмыстардың арқасында оқу ордамыз жарқын жетістіктерге қол жеткізді. Бұл ретте әрқайсыңыздың еңбегіңіз ерекше, — деді оқу орнының басшысы.
Салтанатты жиында өңірде орын алған су тасқыны кезінде құтқару жұмыстарына ерікті түрде қатысқан студенттерге құрмет көрсетіліп, университет тарапынан 2024-2025 оқу жылына 100 000 теңге көлемінде жеңілдік берілді.

Сонымен қатар «Жұбанов үздігі-2024» байқауының жеңімпаздары мен әртүрлі номинация иегерлері марапатталды. 7 студентке «Үздік студент» төсбелгісі табысталды.