Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде 2022 жылдың 12-13 сәуірінде жас ғалымдар, PhD докторанттар, магистранттар мен студенттерге арналған «Жастар, ғылым және инновация» атты XVІII республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.

 

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Филологияның өзекті мәселелері;
  2. Ғылым, техника және технология: прогресс пен инновациялар;
  3. Қазіргі заманғы зерттеулер аясында ІТ-технологиялар және физика-математика ғылымдарының мәселелері;
  4. Әлеуметтік-гуманитарлық ғалымдар дамуының қазіргі мәселелері мен тенденциялары (философия, әлеуметтану, саясаттану, тарих, дінтану, мәдениеттану және т.б.);
  5. Педагогика, психология және оқыту технологиясының өзекті мәселелері;
  6. Жаратылыстану ғылымдарының өзекті мәселелері;
  7. Ұлттық экономика, басқару және құқық мәселелері;
  8. Шығармашылық мамандықтардың даму мүмкіндіктері: қазіргі уақыт және перспективасы.

 

Конференция қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.

Конференцияға қатысу туралы өтініш пен мақала 2022 жылдың 01 сәуіріне дейін қабылданады.

  1. Конференцияға қатысу туралы өтініш (формасы қоса беріледі);
  2. Баяндаманың тезистері (мақала).

Конференция материалдары ғылыми жұмыстар жинағында жарияланады. Мақала мазмұны автордың жауапкершілігінде. Мақалалар автормен толығымен тексерілуі керек. Жинақ электронды түрде ұсынылады.

 

Ақпараттық хат