Пятница, Июль 5, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университетте мәдениет және өнер қызметкерлері күні аталып өтті

Университетте мәдениет және өнер қызметкерлері күні аталып өтті

Бүгін Жұбанов университетінде 21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай мерекелік шара өтті.

Жиында сөз сөйлеген әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Еркін Тастанқұлов төл мерекемен құттықтап, мәдениет пен өнер еліміздегі маңызды сала екенін атап өтті. Салтанатты жиында университеттің мәдени өмірі мен дамуына ерекше үлес қосып жүрген кәсіби-шығармашылық факультетінің бірқатар профессор-оқытушылары университет ректорының алғыс хатымен марапатталды.

Іс-шара барысында «Көркем еңбек және дизайн» кафедрасы оқытушыларының жетекшілігімен дайындалған декаративті шляпалар, Casual стиліндегі киімдер, классикалық киімдер және стилизацияланған ұлттық киімдер топтамасынан сән көрсетілімі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, студенттер жасаған аниматорлық костюмдер жиналғандарға ерекше көңіл-күй сыйлады.