Вторник, Октябрь 4, 2022
Басты > Жаңалықтар > Кафедра филиалдарымен бірлестікте өткен семинар

Кафедра филиалдарымен бірлестікте өткен семинар

Жұбанов университетінің «Қазақ әдебиеті» кафедрасы «Әдебиет пәнін оқытудағы критериалды бағалаудың қағидаттары» тақырыбында кафедра филиалдарымен бірлестікте оқу-әдістемелік семинар ұйымдастырды.

Семинарда қазақ әдебиеті кафедрасы меңгерушісінің м.а. PhD доктор А.С.Кушкимбаева «Қатысушылардың оқу жетістіктерін бағалауға заманауи ыңғайда келу», қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі Г.К.Тәңірбергенова «Критериалды бағалаудың теориялық негізін түсіну» деген тақырыпта хабарлама жасаса, №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ғ.Ж.Мәтенова «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту технологиясы бойынша сабақтар жоспарлау», Новый орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.О.Қоңырбаева «Қатысушылардың оқу жетістіктерін әзірлеу, тапсырмалар дескрипторлары» тақырыптарында ой бөлісті.

Сондай-ақ оқу-әдістемелік семинарда кафедра филиалы Ақтөбе қаласындағы №56 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Әй-Керім Жан-Әлі,

филология факультеті