Пятница, Май 3, 2024
Басты > Жаңалықтар > Purdue университетінің профессоры STEM білім беру бағытындағы оқыту курсын бастады

Purdue университетінің профессоры STEM білім беру бағытындағы оқыту курсын бастады

Бүгін Жұбанов университетінің оқытушыларына Purdue университетінің профессоры Асунда Паул Андека STEM білім беру бағытындағы оқыту курсын бастады.

Шетелдік ғалым 29 мамыр мен 1 маусым аралығында  курс қатысушыларына STEM әдістерін практика жүзінде үйрететін болады. Сонымен қатар сабақ барысында өзара пікір алмасу, талқылау, топтық жұмыстар жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Жұбанов университеті Сәтбаев университеті мен АҚШ-тың зерттеулер бойынша жетекші орындағы  Purdue университетімен бірлесіп Халықаралық білім беру жөніндегі Америкалық кеңеске жоба жоспарын ұсынып, алғаш рет U.S.-Kazakhstan University Partnership Program бағдарламасының грантын иеленген болатын.

Жобаға қатысып, курсты сәтті аяқтаған оқытушыларға Purdue университетінің профессоры мен АҚШ елшілігінің қолдары қойылған халықаралық сертификаттар табысталады.