Вторник, Апрель 30, 2024
Басты > Жаңалықтар > Шетелдік талапкерлер назарына!

Шетелдік талапкерлер назарына!

Жұбанов университетінің қабылдау комиссиясы оқуға қабылдау бойынша онлайн кеңес беру және әңгімелесу жүргізетінін хабарлаймыз.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімімен шетелдік студенттерге, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ студенттерге білім гранты тағайындалады. Бағдарлама студенттерді тегін оқумен және студенттің оқу үлгеріміне қарай ай сайынғы шәкіртақымен қамтамасыз етеді.

Стипендия бағдарламасына құжаттарды онлайн қабылдау 2024 жылдың 30 мамырына дейін жалғасады. (стипендия бағдарламасына сілтеме https://studyin.kz )

Оқуға қабылданған талапкер 1 шілде мен 25 тамыз аралығында Қазақстанға келіп, университетке құжаттардың түпнұсқалары мен расталған көшірмелерін тапсыру қажет. Барлық аудармалар, құжаттарды нострификациялау және медициналық анықтамаларды алу Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылуы керек.

Шетелдік азаматтар жатақханамен және оқу ақысына 50% жеңілдікпен қамтамасыз етілетін болады.

Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі:
* Өтініш (арнайы бланкіде);
* 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама;
* Білім туралы құжаттың түпнұсқасы + мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды расталған көшірмесі;
* Білім туралы құжат нострификациялау;
* Паспорт көшірмесі + мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды расталған көшірмесі;
* Фото 3*4 – 6 дана;
* Әңгімелесу ведомостынан үзінді (шет ел азаматтары үшін);
* Оқу ақысының 100% төлемі (ақылы түскендер үшін);
* Конверт А5;
* Скоросшиватель.